Қостанай облысының Бас имамы Бақытбек қажы Тәжімбет, облыстық дін істер басқармасының жауапты қызметкері Сапарғали Әбдиев, «Жібек жолы» қайырымдылық қауымдастығы өңірдегі мекемесінің басшысы Арынбаев Біржан және облыстық мешіттен бекітілген Туребаев Тимурдың қатысуымен кездесу болып өтті.
Басқосуда жоғарыда аталған қайырымдылық мекемесі мен діни басқарманың меморандумы аясында жаңа оқу жылындағы жоспары құрылды. Онда олар алдағы уақытта мешітте өтетін діни дәрістері және басқада шаралары туралы ойларын ортаға салды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі