Көпшілікке мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымды аза тұту күні деп белгіледі. Өйткені, Абай облысында орын алған өрттен бірқатар азаматтар қаза болып, жанұялары қайғы жамылды.
Бұл күтпеген апатқа Қостанайлық барша дін қызметкерлері мен мұсылмандар қауымы да қатты қиналды. Сол себептен, бүкіл мешіттерде арнайы дұға оқылды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасындағы ашылған есеп шотқа қаржы аудару жұмыстары да қолға алынды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, ауыртпалыққа ұшыраған азаматтарға қолдау көрсету біздің басты парызымыз.
Абай облысындағы «Тілсіз жаудан» зардап шеккен бауырларымызға болаттай берік болыңдар, біз сіздермен әрқашан біргеміз дегіміз келеді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі