Осыдан біраз күн бұрын Рудный қалалық балалар үйінің бас тәрбиешісі Зинаида Уақбаева мешіті қызметкерлерімен хабарласып, балалардың жазғы демалыс орындарына төсеніш жетпейтіндігі жөнінде көмек сұраған еді.
Оның өтінішін қанағаттандыру мақсатында имандылық ордасының имамдары ақылдасып, жоғарыда аталған тәрбие орнына 33 кілем сыйлауға ұйғарым жасады.
Жақында осы төсеніштерді Қостанай шаһарындағы "Жайлаубай ата" және "Марал ишан" мешіттерінің имамдары Рудныйдағы балалар үйіне табыс етті.
Дін қызметкерлерінің сергектігі мен жанашырлығына дән риза болған мекеме ұжымы шынайы алғыстарын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі