Рудный қалалық “НҰР” мешітінің ұйымдастыруымен “Аят” спорт кешенінде облысымыздың қала-аудан мешіттері жамағаты арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.
Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы «Жастар ісі секторы» аясында ұйымдастырылған шараға арнайы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Аталған жарысқа 9 мешіттен 22 ойыншы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды Аскаров Алишер (Б. Майлин ауданы), 2-ші орынды Сәукен Талантбек (Б. Майлин ауданы), 3-ші орынды Кузбаков Тимур (Қашар кенті) иеленді. Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Серік Рахым жарысқа қатысқан жеңімпаздарды алғыс грамотасы және ақшалай сыйлықпен марапаттады. Келген спортшылар мен қонақтарға арнайы құрмет көрсетіп, қаламыздағы халал сертификатын алған “Ықылас” дәмханасында түскі ас берілді. Шара соңында алыс-жақыннан жиналған қонақтармен қатысушыларға мешітіміздің найб имамы Балғабай Оразханұлы алғысын білдіріп рахметін айтты.