Таяуда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіті ұжымының ұйымдастыруымен жамағатқа арналған «Ауыз ашар» дастарқаны жайылды.
Онда наиб имам Бақберсін қажы Ізбасаров «Дін мен дәстүр» аясында уағыз-насихат айтты. Оны жиналған жұртшылық ұйып тыңдады. Жиын соңында Сәндібек ақсақал бата берді. Жамағат «Құптан» намазын оқып тарқасты.
Сонымен қатар мешіттің қызметкерлерінің бастамасымен қасиетті жұма күнінің құрметіне намаздан соң жамағатқа халық ұғымында «Қыстың қымызы» аталып кеткен құрт көже таратылды.
Намазхандар көңілді дәм тата отырып, халықтың ауыз бірлігін, ұлттардың ынтымағын нығайтуда және салт-дәстүрімізді жаңғыртуда мешіт ұжымының сіңіріп жатқан еңбегіне дән ризашылықтарын білдіріп, оларға алдағы уақытта да осындай игілікті істе мұрындық бола беріңіздер деген ізгі-тілегін жеткізді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі