Қостанай қалалық"Жайлаубай ата" мешітінің үйымдастырумен биылғы 5-30 маусым аралығында оқушыларға арналған "Имани жаз" атты жазғы діни сауат ашу курсы өткізілді.
Нақты деректер мен дәйектерге тоқталатын болсақ, дәріс барысында 22 ер бала мешітте жатып оқыды. Ал 40 қыз және 80 ер бала үйлерінен қатынап сауаттарын ашты.
Курс барысында 142 оқушы білім алып,сертификатқа ие болды. Ал мешітте жатып оқыған 22 талабаға барлық жағдай жасалды. Оларға күніне бес мезгіл тамақ берілді. Дүние танымдарын кеңейту мен саламатты өмір салтына баулу мақсатында мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Түлектерге сертификатпен қоса «Айттық» сыйлығы да тапсырылды.
Жоғарыда аталған "Имани жаз" курсына Астана медресесі мен Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінен дәріс беру үшін бес шәкірт арнайы шақыртылды. Оларға жамағаттың көмегімен шәкірт ақы берілді.
Болашақта түлектеріміздің ішінен Қарилар мен дін саласында танымал ғалымдар шығып жатса нұр үстінен нұр емес пе.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі