Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
22 10.22

Қостанайдағы мерекелік рухани кеш

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі жыл сайын Ұлы Мұхаммед Пайғамбарымызға арналған Мәуліт мерекесін өткізуді дәстүрге айналдырып келеді.

Биыл ол облыс орталығындағы «Сұлтан сарайы» мейрамханасында «Мәуліт айы мүбәрәк болсын» деген атпен тиісті деңгейде өткізілді. Тағылымдық – тәрбиелік маңызы зор мейрамға алыс-жақыннан қонақтар, дін қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Рухани кешті елімізге танымал журналистер Заңғар Санай мен Қыдырбек Қиысхан жүргізді. Алдымен Пайғамбарымыз жайлы ғибратты фильм көрсетілді.

Өңірімізге белгілі мешіт имамдары Әлішер Балахмет, Дархан Сыздықов, Әли және Нұғман қарилар, шәкірттер өздеріне тән мақаммен Мәуліт шарифін оқыды.

Содан кейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының найб мүфтиі, шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай қажы Құрбанұлы бата берді. Талай мұндай жиындарда шешендік қырларымен танылып, көптеген дарынды жастардың тәлімгері, ұлағатты ұстаз атанған азамат басқосуға арқау болған Пайғамбарымыз жайлы танымдық жағы мол уағыз айтты.

Баршаға мәлім, соңғы біраз жылдардан бері республикамызда «Ел үлесі – пәтерге» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жолы кеш барысында найб мүфти қолдауға мұқтаж қос жерлесімізге 601-ші және 602-ші пәтерлердің кілттерін тапсырды.

Жиында облыстық мешітке тұрақты демеушілік етіп жүрген бір топ іскер азаматтарға Бас мүфтидің Алғыс хаттары беріліп, қасиетті Құран кітабы тарту етілді.

Сондай-ақ, басқосуға арнайы шақырылған Рудный шаһары қарттар үйіндегі қамқорлыққа алынған аталарымыз бен әжелерімізге құрмет көрсетіліп, сый-сияпат жасалды. Оны Зекет және қайырымдылық қорының жетекшісі Бақытжан қажы Икрам табыс етті.

Мейрамға арналған салтанат ән-күйсіз өтпейтіні белгілі. Онда жыршы-термеші Абзал Алпысов пен дәстүрлі әнші Қыдырбек Қиысханның домбырамен орындаған терме-толғаулары көпшілікті бір серпілтіп тастады.

Есте қаларлық кеш соңында Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Мәуліттің әрбір адамның жүрегінде алар ерекше орнына, өткен жылдардағы өкілдікте жүзеге асырылған жарқын істерге тоқталды. Құрметті қонақтарға және жиынды ұйымдастыруға белсене қатысып, өздерінің қомақты үлестерін қосқан имамдарға, мешіт қызметкерлеріне, жанашыр азаматтарға шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

предыдущая новость
Есімі мәңгілік өшпейтін тұлға
следующая новость
Алтынсарин: Үлкен қуанышқа кенелді

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником