Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Блог верховного муфтия Казахстана

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Фаджр
Восход
Зухр
Аср
Магриб
Иша
Религиозная интерактивная карта Казахстана
Григорианский
Хиджра
22 10.22

Есімі мәңгілік өшпейтін тұлға

Үстіміздегі жыл руханиятымызда ерекше орын алатын көрнекті тұлғалардың мерейтойларына толы. Солардың арасында Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы елімізде кең көлемде аталып өтілді.

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Ахаңның есімі берілген университетте «Ахмет Байтұрсынұлы және Қазақ руханияты» деп аталатын конференция болып өтті.

 Тағылымы мол жиынды жүргізушінің кіріспе сөзінен кейін облыстық мешіттің ұстазы Әли Әбдіхамид қасиетті Құран оқудан бастады. Алғашқы баяндаманы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының найб мүфтиі, көрнекті дін қайраткері Сансызбай қажы Шоқанов жасады.

Оның тың деректерден тұратын сөзін жиналғандар ұйып тыңдап, ұлт үшін бүкіл саналы ғұмырын арнаған тұлға жайлы қаншама мағлұмат алды.

Қостанай өңірлік университетінің ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Сейітбек Қуанышбаев конференцияға қатысқан барша қауымды айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтап, қонақтарға табыс тіледі.

Аталған жоғары оқу орнының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Әбсадық Ахаң жайлы ұдайы ізденіс үстінде жүрген азамат. Оның «Ұстаз жолы, ауыл мұғалімінен – білім министрлігіне дейін» тақырыбындағы баяндамасы да құндылығымен жерлестеріміздің көңілінен шықты.

Облыс жұртшылығы Абзал Нағашыбайұлының руханият саласында сіңірген еңбегін жақсы біледі. Оның үлкен сахнада орындаған термесі терең мағынасымен жүректерді қозғады.

Аузы дуалы ардагер, Қостанай облысы ақсақалдар алқасының мүшесі Торғайбай қажы Уәлиұлының «Ахаң өскен орта» атты баяндамасы да ұлт мақтанышының көпшілікке белгісіз қырларын жан -жақты ашуымен дараланды.

Елімізге белгілі ғалым, Қостанай өңірлік университетінің профессоры Қалқаман Жақып «Рухы биік, есімі мәңгі» деген тақырып айтып тұрғандай, Алаштың біртуар перзентінің кейінге жастарға өнеге боларлық қайраткерлік, тұлғалық, білімпаздық, ұлтжандылық, қаламгерлік жақтарын жұртшылыққа жеткізді.

Конференция жоғары деңгейде өткізіліп, бас қосқан үлкенді-кішілі қауым көп жайды көңілдеріне түйді. Қазақ халқы бар кезде Ахмет Байтұрсынұлының есімі мәңгілік өшпейді.

предыдущая новость
Найб мүфти - Қостанайда
следующая новость
Қостанайдағы мерекелік рухани кеш

Назидание

все статьи

Медиа

все записи
Разработка сайта — Иником