Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде Мәуліт шариф ұйымдастырылып, адамзаттың асыл тәжі, ардақты Мұхаммед пайғамбарға арналған салауат оқылды.
Онда Әлибек ұстаз бастаған мешіттің жамағаты мен талапты шәкірттері Мәуліт кешінің ғибратқа толы өтуіне өздерінің лайықты үлестерін қосты.
Жиында Ислам дінін пір тұтатын шешен бауырларымыз да белсенділік танытып, тағылымы мол салауаттың жоғары деңгейде орындалуына атсалысты.
Басқосуда арнайы дастарқан жайылды. Онда Мұхаммед пайғамбарымыздың ғұмыры жайлы әсерлі де мағыналы ұлағатты ойлар айтылды.
Жерлестеріміз Мәуліт шәрифінен ұмытылмас рухани нәр алып, жоғары көңіл күймен тарқасты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі