Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы “Дін мен дәстүр құндылығы” жылы аясында Ттрік диаспорасымен бірігіп, жамағатқа рухани кеш өткізді.
Онда арнайы шақырылған белгілі ғалым, профессор Қалқаман Жақып облыс орталығындағы педагогикалық колледжінің студенттері мен жамағатқа еліміздің бірлігі мен тұтастығы үшін жұмыла еңбек ету керектігін тілге тиек етті.
Аталмыш білім ордасының студенттеріне дастарқан жайылды. Ақсақалдар батасын беріп, қатысушылар жоғары көңіл-күймен тарқасты.
Ысырапшылдықтың алдын алады
Жуырда Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешіті “Дін мен дәстүр: ысырапшылдықтың алдын алу“ атты облыстық мешітте өткен конференцияда қабылданған шешімге сәйкес келуші халық пен жұма намазына қатысушы намазхандарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді бастап та кетті. Жұртшылыққа арнайы жасалған 1 мың дана буклет таратылды.
Сонымен қатар осы мешіт ұжымының ұйымдастыруымен қала тұрғыны Мәриям Кенжетаеваға қайырымдылық көмек көрсетілді. Ол наиб имам Қазбек Көшеровке дән ризашылығын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі