Жақында Қостанай ауданы «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Манарбекұлы және Лисаков қаласының «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің бас имамы Әкімбек Нұрханұлы Федоров ауданында іс-сапармен болды. Сапар барысында Дархан Манарбекұлы мұғалімдермен кездесіп қазіргі кезде ұрпақ тәрбиесі, құмар ойындарының зардабы, діни ағымдардан сақтану жолдары, дін мен дәстүр сабақтастығы жайында сұхбат өрбітті.
Сонымен қатар, Әкімбек Нұрханұлы «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрілігі Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаметінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінде» түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру жұмысында Әкімбек Нұрханұлы исламдағы қоғамға қауіпті діни ағымдар, олардың қателіктері, сақтану жолдары жайында кең ақпарат берді. Сұхбат өте әсерлі өтіп, мұғалімдер имамға сұрақтар қойып жауап алды.