Жақында Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешіті ұжымының ұйымдастыруы және жаны жайсаң жомарт жандардың қолдауымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді.
Осы іс-шара барысында 30 оқушыға құны 200 мың теңгені құрайтын оқу құралдары табыс етілді. Жиында Бас имам балаларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, ұлағатты ұстаздар қауымына құрмет көрсету жайына да ерекше тоқталды.
Сондай-ақ акцияға демеушілік еткен азаматтарға шынайы алғысын білдірді. Сөз соңында мешіттің алқа мүшесі Есенгелді ақсақал ұл мен қыздарға ақ батасын берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі