Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасымен барлық өңірлерде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Бұл орайда Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің қызметкерлері де ұйымшылдық танытты.
Аталмыш мешіттің наиб имамы Бақытжан қажы Икрамның айтуы бойынша 257 ұл мен қызға қайырымдылық көмек көрсетіліп, мектепке қажетті сөмке мен құрал-жабдықтар тапсырылды. Оның ішінде бірқатар қолдауға зәру балаларға костюм-шалбарлар мен аяқ киім де берілді.
Әрине, жаңа оқу жылы қарсаңында оларға ең ізгі тілектер айтылды. Ата-аналар қауымы акцияны ұйымдастырушылар мен демеушілерге шынайы алғысын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі