Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Барлық сұрақтар

08.10.2018 – Муслима

Сұрағы:

Салауат қалай айтылады?

Жауап:

Уа алейкум ассалам! Салауат – дұға тілек дегенді білдіреді. Араб тілінде намазды да салауат деп айтады. Өйткені, намаз ең үлкен дұға.

Салауат айту жөнінде Құран Кәрімде мұсылмандарға былай деп әмір етілген:

إِنَّ اللَّهَ وَمَلَائِكَتَهُ يُصَلُّونَ عَلَى النَّبِيِّ ۚ يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا صَلُّوا عَلَيْهِ وَسَلِّمُوا تَسْلِيمًا

«Расында, Алла (ең сүйікті құлы, пайғамбарлардың ең ардақтысы Мұхаммад) пайғамбарға үнемі шексіз нығметі мен рақымын төгіп, күннен күнге мерейін өсіруде. Ал Оның періштелері болса, ол үшін үнемі игі тілек тілеп, дұға етуде. Уа, мүміндер! Ендеше сендер де оған шын жүректен салауат айтып, құрметпен сәлем жолдаңдар (яғни, оны шын жүректен ардақтап, оған Алланың рақымы мен есендігін тілеп, бар ықыластарыңмен дұға етіңдер және оған қалтықсыз мойынсұнған күйде сәлем жолдаңдар)!» 1.

Суфиян әс-Сәури (р.а.): Алла Тағаланың салауаты – рақымы, періштелердің салауаты – истиғфар (кешірім тілеу дұғасы). Бұл аятта, Алла Тағала пенделеріне құлы әрі елшісі Мұхаммедтің (ﷺ) көктегі мәртебесін баяндап, салауат айтуды әмір етуде. Құран әмірі бойынша мұсылманға өмірінде бір рет болса да салауат айту міндет. Сондай-ақ, күнделікті айтып жүру мұстахап.

Ибн Мәсғуд (р.а.): «Сендердің бірің, Алла Тағаладан сұрайтын дұғасы болса, Оған лайықты түрде мадақ айтудан бастасын, сосын Пайғамбарға (ﷺ) салауат айтып барып тілесін, осылай жасау, қабыл болуға лайықтырақ»2,-деген екен.

Салауат айтудың артықшылығы

Абдулла ибн Масғуд (р.а.): «Қиямет күні ең жақсы адамдар, маған көп салауат айтқандары»3,-деген хадис риуаят еткен.

Әбу Талха әкесінен риуаят етеді: «Бір күні, Алла Елшісінің (ﷺ) жүзінен қуаныш байқалған күйде келді. Адамдар: «Уа, Алла Елшісі! Жүзіңізден қуаныш көріп тұрмыз»,-деді. Пайғамбар (ﷺ): «Маған періште келіп: «Уа, Мұхаммад! Раббың: «Үмбетіңнен саған біреу, бір салауат айтса, Мен оған он салауат (рақымымды) төгемін, үмбетіңнен саған біреу, бір сәлем айтса, Мен оған он сәлем беремін, осыған ризасың ба?»,-деді. Мен: «Әрине»,-деп жауап бердім»4.

Салауат айтпау – сараңдық

Пайғамбарымыздың (ﷺ) есімі айтылғанда салауат айтпау нағыз сараңдық. Әли ибн Хусейн әкесінен (р.а.) риуаят етуде: «Менің атым айтылған кезде, маған салауат айтпаған – нағыз сараң адам»5.

Салауат айтудың үлгілері

Салауаттың түрлері өте көп. Ең қысқасы, Пайғамбарымыздың (ﷺ) есімін естігенде «алейһис соләту уә сәлләм» немесе «салла Аллаһу алейһи уә-сәлләм» деп айту. Бұл жөнінде, Имам Науауи: «Пайғамбарға (ﷺ) дұға, салауат және сәлем қоса айтылып жасалады. Бұл «Уа, мүміндер! Ендеше сендер де оған шын жүректен салауат айтып, құрметпен сәлем жолдаңдар»6,-аятынан алынған»7,-деген.

Әбу Хумәйд әс-Сағиди (р.а.): «Бірде сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі (ﷺ)! Сізге салауатты қалай айтсақ дұрыс болады?»-деп сұрады. Сонда Ол (ﷺ): «Аллаһуммә салли алә Мұхаммәдин уә алә әзуәжиһи уә алә зурриятиһи кәмә салләйтә алә Ибраһимә, уә бәрик алә Мұхаммәдин уә алә әзуәәжиһи уә алә зурриятиһи кәмә бәәрактә алә Ибраһимә, иннәкә Хамидун Мәжидун» (Уа, Алла Тағалам! Ибраһимге рақымыңды жаудырғандай, Мұхаммадке және оның жұбайлары мен ұрпақтарына да рақымыңды жаудырғайсың. Сондай-ақ, Ибраһимге береке бергеніңдей, Мұхаммадқа және оның жұбайлары мен ұрпақтарына да береке бергейсің. Шын мәнінде, Сен әр алуан мақтау мен мадаққа лайықсың әрі Ұлысың!)», – деп айтыңдар»,-деген»8.

Салауаттың ең көп айтылатын түрі намазда оқылатын: «Аллаһуммә солли» және «Аллаһуммә бәрик» салауаттары.

Аллаһуммә солли: «Аллаһуммә солли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә солләйтә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».

Аллаһуммә бәрик: «Аллаһуммә бәрик ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә бәрактә ала Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».

Пайғамбарымыз (ﷺ): «Әрбір дұға-тілек аспан астында бүркеліп тұрады. Егер маған айтылған салауат келсе, дұға көкке көтеріледі»,-деген9. Салауат айту – дұға-тілектің қабыл болуына үлкен себепкер.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником