Сұрағы:
Сәлеметсіздер ме? Мен Рамазан айында қалған қарыз күндерімді өтеуім қажет. Қай намаз уақытында ауыз бекітіп, қай уақытта аузымды ашуым керек?
Жауап:
Уаалайкум әссәләм! Сізге Рамазан айында қалған қарыз күндеріңізді өтеу үшін, белгілі бір күні, Рамазан оразасының қазасын өтеу үшін ниет етіп, таң намазына 10 минут қалған уақытта аузыңызды бекітіп, сол күні ақшам намазының уақыты кірген уақытта аузыңызды ашасыз.