Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Барлық сұрақтар

08.10.2018 – Динара

Сұрағы:

Cалеметсіз бе! Түнде тұрып таһаджуд намазын оқу үшін және бейсенбі дүйсенбі күндері нәпіл ораза ұстау үшін жолдасымның рұқсатын алуым керек пе? Ол намаз оқымайды, ораза ұстамайды. Сұрағыма түсінікті жауап берсеңіздер? Рахмет, Алла разы болсын!

Жауап:

Уа ъалайкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Әйел кісіге, түнде тұрып, таһаджуд намазын оқу үшін, күйеуінен рұқсат алуы қажет емес. Себебі Құранда Алла Тағала ақырғы өмірдің хайырлы болуы үшін жақсы амал жасаудың ер мен әйелге бірдей қажет екендігін былай деп баяндайды:

مَنْ عَمِلَ صَالِحاً مِنْ ذَكَرٍ أَوْ أُنْثَى وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَلَنُحْيِيَنَّهُ حَيَاةً طَيِّبَةً وَلَنَجْزِيَنَّهُمْ أَجْرَهُمْ بِأَحْسَنِ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ] النحل:97 [.

«Мейлі ер болсын, әйел болсын, кімде-кім, мүмін ретінде (Алланың разылығына бөлейтін) сауапты да игілікті істер атқарса, Біз оған міндетті түрде пәк әрі жақсы өмір сыйлаймыз. Сондай-ақ оларды дүниеде істеген ең игі, ең жақсы істерін ескере отырып, сый-сияпатқа бөлейміз» (ән-Нахл сүресі, 97-аят).

Дегенмен, егер әйел кісінің нәпіл намаздар оқуы белгілі бір жағдайларда, күйеуімен болатын қарым-қатынасқа сызат түсіретін болса, онда нәпіл құлшылық жасаудан қарағанда, әйелінің күйеуіне бағынуы дұрысырақ болады. Себебі, мүмин әйелдің күйеуіне итағат етуі, жоғары дәрежелерге жетелейтін ұлы ғибадат саналады және әйел кісінің жұмаққа кіру себептерінің бірі болып табылады. Бұған қатысты Алла Елшісі (с.ғ.с) былай деген екен:

(إِذَا صَلَّتْ الْمَرْأَةُ خَمْسَهَا، وَصَامَتْ شَهْرَهَا، وَحَفِظَتْ فَرْجَهَا، وَأَطَاعَتْ زَوْجَهَا، قِيلَ لَهَا ادْخُلِي الْجَنَّةَ مِنْ أَيِّ أَبْوَابِ الْجَنَّةِ شِئْتِ) رواه أحمد و ابن حبان.

«Егер, әйел кісі бес уақыт парыз намаздарын оқыса, Рамазан айындағы міндетті парыз оразасын ұстаса, өзінің ар-ұятын сақтаса және күйеуіне итағат ететін болса, онда ол әйелге: «Жұмаққа, жұмақтың қалаған қақпасынан кір», - деп айтылады» (имам Ахмад пен имам Ибн Хиббан риуаят еткен).

Ал дүйсенбі және бейсенбі күндері сияқты нәпіл оразалар ұстау үшін, әйел кісі өзінің некелесіп қосылған күйеуінен рұқаст алуы қажет. Себебі әйел кісіге күйеуінің рұқсатынсыз нәпіл ораза ұстауы – макруһ. Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.):

(لا تَصُومُ الْمَرْأَةُ وَبَعْلُهَا شَاهِدٌ إِلا بِإِذْنِهِ غَيْرَ رَمَضَانَ (رواه الترمذي (782(

«Қасындағы күйеуінің рұқсатынсыз әйел кісіге Рамазаннан (парыз оразасынан) басқа ораза (нәпіл ораза) ұстауына болмайды»,-дегенін риуаят еткен. Бұл хадистен түсінікті болғандай, егер күйеуі әйелінің жанында яғни тұрғылықты мекенінде болса, онда әйел кісі нәпіл ораза ұстау үшін күйеуінен рұқсат алуы қажет. Ал егер күйеуі сапарда болса, ауырып жатса, үлкен не кіші қажылық жасап жүрген болса, онда әйелі мұндай кездері күйеуінің рұқсатынсыз нәпіл ораза ұстай береді. Сонымен қатар әйел кісі міндетті парыз оразаларды ұстау үшін, күйеуінен рұқсат сұрамайды. Өйткені, күйеуінің әйеліне парыз ғибадаттарды орындауға кедергі жасауы – харам (тыйым салынған) болып табылады.

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником