Сәресі - таң әлі атпай тұрып түннің соңғы мезгілінде ішілетін ас. Аллаһтың елшісі (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) бір хадисінде сәресіде берекеттің бар екенін, сәресіге тұрғандар үшін періштелердің дұға ететінін: «Сәресіде берекет бар. Бір жұтым су ішсең де оны үзбе. Өйткені Аллаһ Тағала мен періштелер сәресіге тұрғандарға жақсылық тілейді»[1] - деп білдірген.
Cәресі - ең берекелі уақыт. Ол - дұға, намаз оқып, Құран қабыл болатын сәт. Бұған қоса сәресі асын ішу күні бойы ұстайтын оразаның қиындығын жеңілдетіп, басқа да құлшылықтарды орындауға күш береді. Сәресінің уақытын кешіктіріңкіреп, таң намазының уақытының кіруіне аз қалғанда жеген абзал. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) бұл мәселеге қатысты: «Ауыз ашуға асығып, сәресіні кешіктірген уақытта үмбетім әрдайым жақсылықта»,[2] - деген. Аштыққа шыдау кей кісілер үшін қиынға соғатынын ескерсек, ауыз ашуға асығып, ауыз бекітуге асықпауға болатынын білдіруі үмбетіне деген Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) мейірімділігінен туғанын аңғарамыз. Сәресіні таң намазына дейін кешіктіру таң намазын жіберіп алмауға жасалған сақтық екені де белгілі.
[1]Ахмад б. Ханбал, Муснад, 3/12, 32,44,99
[2]Әбу Дауд, Саум, 21; Ахмад б. Ханбал, Муснад, 2/450