Шейх әл-Ислам Әбу Ысхақ аш-Ширәзи (393-476 гг. хижра бойынша/1003-1083 ж.миләди бойынша) былай деп айтқан:
فإن قيل: إذا قلتم إنه ليس على العرش، ولا في السماوات، ولا في جهة من الجهات، فأين هو؟! يُقال لهم: أول جهلكم: وصفكم له بـ" أين "؛ لأن " أين " استخبار عن المكان، والرب منزه عن ذلك. ثم يقال لهم: هل تثبتون خلق العرش والسماوات وجميع الجهات أم لا؟ فإن قالوا: ليست مخلوقة فقد قالوا بقدم العالم، وينتقل الكلام معهم إلى القول بحدوث العالم. وإن وافقوا أهل الحق وقالوا بخلق جميع الجهات، يقال لهم: فهل كان الرب موجوداً قبل وجودها، وهو الذي أوجدها من العدم إلى الوجود أم لا؟ فإن قيل: لم يكن موجوداً قبلها ولا أوجدها، فقد قالوا بحدث الرب وهذا هو الكفر الصراح. وإن وافقوا أهل الحق في القول بوجوده قبل وجود المخلوقات ( من العالم العلوي والسفلي )، قيل لهم: فأخبرونا عما كان عليه قبل وجودها؟ فكل دليل لهم قبل وجودها، هو دليل لنا بعد وجودها؛ فإن الرب بعد وجود جميع المخلوقات على ما كان عليه قبل وجودها، لا يجوز على الرب التغيُّر من حال إلى حال، ولا الانتقال من مكان إلى مكان؛ قال في قصة إبراهيم : فلما جنّ عليه الليل رأى كوكباً قال هذا ربي فلما أفل أي: انتقل من جهة إلى جهة، وتغيّر من حال إلى حال قال لا أحب الآفلين أي: لا أحب المنتقلين المتغيرين. فمن وصف القديم بما نفاه عنه إبراهيم فليس من المسلمين.
Егер олар: «Алла Аршыда, аспанда және де бірде бір тарапта орналаспады десеңіз, Ол қайда?» деп сұраса, оларға былай деп жауап беріңіз: «Сіз «қайда» деген сөзді қолданып оны сипаттау арқылы, өз надандығыңызды көрсеттіңіз, өйткені бұл мекен-жайды білдіретін сұрақ, ал Алла Тағалаға белгілі бір мекенге орналасу тән емес». Одан кейін оларға мына сұрақты қойыңыз: «Сіз Аршының, аспанның және барлық мекеннің жаратылғанын мойындайсыз ба?». Егер олар жаратылмады деп жауап берсе, кеңістіктің бастауы жоқ деген пікірде болуларын білдіреді, демек, бұл әңгімені кеңістіктің жаратылысы саласында өрбіту керек. Ал егер олар барлық тараптың жаратылғанын мойындаса, оларға мына сұрақты қойыңыз: «Алла мекен жаратылғанға дейін бар болды ма? Ол оларды жоқтан жаратты ма жоқ па?». Егер олар Алла мекендерге дейін болмады, және Ол оларды жаратқан емес десе, онда бұл олардың Құдайды жаратылған деген пікірде болғандарын білдіреді. Ал бұл айқын күпірлік. Егер де олар Құдай барлық мақұлықтар жаратылмай тұрып та бар болды деген дұрыс пікірде болса, оларға мына сұрақты қойыңыз: «Барлық жаратылысқа дейін Алла Тағала қандай қалыпта болды?». Олардың жаратылысқа дейін Алла жайында айтқандары, бұл- барлық нәрсені жаратқаннан кейін Алла Тағала қандай қалыпта екенінің дәлелі, өйткені Алла барлық нәрсені жаратқаннан кейін де еш өзгерместен сол қалыпта болды. Аллаға бір қалыптан екінші қалыпқа, бір мекеннен екінші мекенге ауысу тән емес.
Алла Тағала Ибраһим (оған Алланың сәлемі болсын) жайында былай деген (мағынасы): «Түн жамылған кезде, ол бір ғаламшарды көреді (бұл Шолпан деген тұжырым бар) де, өз халқына былай деп айтады: Бұл менің Раббым (сендердің пікірлерің бойынша)». Ал ол сөніп қалған кезде, яғни бір қалыптан екінші қалыпқа және бір жерден екінші жерге ауысқан кезде, ол былай деп айтады: «Мен бір қалыптан екінші қалыпқа ауысатын нәрсеге құлшылық еткім келмейді»(6:76) – яғни, мен өзгеріп ауысатындарды ұнатпаймын дегені. Демек, өзгеріп, ауысу Аллаға тән емес.
فإن قيل: إذا لم يكن في جهة، فما فائدة رفع الأيدي إلى السماء في الدعاء، وعروج النبي إلى السماء؟ يُقال لهم: لو جاز لقائل أن يقول إن الرب في جهة فوق، لأجل رفع الأيدي إلى السماء في الدعاء!! لكان لغيره أن يقول: هو في جهة القبلة، لأجل استقبالنا إليها في الصلاة!! أو هو في الأرض، لأجل قربنا من الأرض في حال السجود؛ وقد رُوي في الخبر عن النبي أنه قال: { أقرب ما يكون العبد من إذا سجد }، قال : واسجد واقترب !! فلو كان في جهة فوق، لما وُصف العبد بالقرب منه إذا سجد؛ فكما أن الكعبة قبلة المصلي يستقبلها في الصلاة، ولا يقال إن في جهة الكعبة ومستقبل الأرض بوجهه في السجود لا يقال: إن في الأرض، فكذلك _ أيضاً _ جُعلت السماء قبلة الدعاء، لا أنّ حالّ فيها. وكذلك أيضاً عروج النبي إلى السماء، لا يدل على أن في السماء، كما أن عروج موسى عليه الصلاة والسلام إلى الجبل، وسماعه لكلام تعالى عنده، لا يدل على أن حالّ في الجبل؛ فعروج النبي : إنّما كان زيادة في درجته، وعلواً لمنزلته؛ ليتبين الفرق بينه وبين غيره في المنزلة وعلو الدرجة
Егер де сізге мынандай сұрақ қойса: «Алла Тағала бірде бір тарапта орналаспаса, дұға еткенде қолдарымызды аспанға көтерудің және Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) миғраж сапарында көкке көтерілуінің мәні неде?», - оларға былай деп жауап беріңіз: «Алла Тағала аспанда, өйткені біз дұға жасағанда қолымызды көкке қаратамыз, деп біреу айтатын болса, дәл солай басқа біреу, Алла тағала құбыла тарапында орналасқан, өйткені біз құбылаға қарап намаз оқимыз деп, ал үшінші бір адам, Алла Тағала жерде, өйткені сәжде жасағанда біз жерге жақындаймыз, Пайғамбардың(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздері бар емес пе: «Құлдың Аллаға ең жақын болатын мезеті, сәждеге жығылған кезі» . Алла Тағала да былай деген: «Жоқ! Оған бойсұнба, сәжде жасап, Аллаға жақында»(96:19)». Алла Тағала көкте болатын болса, адам сәждеге жасаған кезде Оған жақын болмас еді. Сол сияқты, адам Қағбаға қарап намаз оқыса да, Алла Қағбада деп ешкім айтпайды, жерге қарап сәжде етсек те, ешкім Алла жерде деп айтпайды, алақанымызды көкке қаратып жайсақ та, Алланың көкте болған себебінен емес.
Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) көкке көтерілуі де, Алла Тағаланың көкте болуының дәлелі емес. Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) Синай тауына шығып, онда Оның Сөзін естуі де, Алла Тағаланың Синай тауында екенін дәлелдемейді. Ал Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) көкке көтерілуі, оның өзге адамдардың жанында мәртебесінің жоғары екенін көрсету үшін болған еді.
[Имам Әбу Ысхақ әш-Ширәзидің «Әл-Ишәрат илә мәзһаб әһлу әл-Хаққ» кітабынан]
Ғалымдардың Әбу Ысхақ әш-Ширәзи жайында айтқандары:
Имам Науәуи (хижра ж.с.б. 636-676 ж) оның «Әл-Мухаззаб» кітабына шарх жазған уақытында былай деп айтқан:
هو الإمام المحقق ، المتقن المدقق ، ذو الفنون من العلوم المتكاثرات ، والتصانيف النافعة المستجادات ، الزاهد العابد الورع ، المعرض عن الدنيا ، المقبل بقلبه على الآخرة ، الباذل نفسه في نصرة دين الله تعالى ، المجانب للهوى ، أحد العلماء الصالحين ، وعباد الله العارفين الجامعين بين العلم ، والعبادة ، والورع ، والزهادة ، المواظبين على ، وظائف الدين ، واتباع هدي سيد المرسلين صلى الله عليه وسلم ورضي الله عنهم أجمعين أبو إسحاق إبراهيم بن علي بن يوسف بن عبد الله الشيرازي الفيروزآبادي رحمه الله ، ورضي عنه
قال الإمام الحافظ أبو سعد السمعاني : كان الشيخ أبو إسحاق إمام الشافعية ، والمدرس ببغداد في النظامية ، شيخ الدهر ، وإمام العصر ، رحل إليه الناس من الأمصار ، وقصدوه من كل الجوانب ، والأقطار ، وكان يجري مجرى أبي العباس بن سريج قال : وكان زاهدا ، ورعا متواضعا ، متخلقا ظريفا كريما سخيا جوادا طلق الوجه دائم البشر ، حسن المجالسة ، مليح المحاورة ، وكان يحكي الحكايات الحسنة ، والأشعار المستبدعة المليحة ، وكان يحفظ منها كثيرا ، وكان يضرب به المثل في الفصاحة . وقال السمعاني أيضا : تفرد الإمام أبو إسحاق بالعلم الوافر ، كالبحر الزاخر ، مع السيرة الجميلة ، والطريقة المرضية ، جاءته الدنيا صاغرة فأباها ، واطرحها ، وقلاها .
«Ол имам, зерттеуші, дін мәселелерін мұқият қараушы, көптеген ғылымдарды меңгерген, пайдалы еңбектердің иесі, тақуа, көп құлшылық етуші, дүниеден бас тартып, барлық мақсаттары ақырғы өмірге бағытталған, Алланың дініне жан тәнімен берілген, нәпсіден бас тартқан, Алла Тағаланың ізгі де салихалы ғалымдарының бірі, өзіне ілім мен құлшылық сияқты қасиетті иемденген, Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін өте берік ұстанған адам. Бұл – Әбу Ысхақ ибн Юсуф ибн Абдаллаһ әш-Ширәзи әл-Файрузабади (Алла оны рахым етіп, оған разы болғай)...»
Имам, хафыз Әбу Саъд әс-Самаъани былай деп айтқан: «Әбу Ысхақ шәфиғи мектебінің имамы және Бағдадта «Низәмия» медресесінде оқытушы болған шейх және ғасыр имамы. Адамдар оған әр түрлі қалалар мен жердің әр тарапынан келетін. Ол өте тақуа, салихалы, қарапайым, сонымен қатар, ұшқыр ойлы, сымбатты, жомарт болатын. Жүзінен күлкі кетпейтін, әңгімені өте қызықты баяндайтын, жақсы оқиғаларды айтып, өлендер оқитын, айтқандары есте қалатын». Сол сияқты Самаъани былай дейді: «Имам Әбу Ысхақ терең іліммен ерекшеленген әрі ғылымда теңіз іспетті еді. Бұл дүние оған құшағын жайса да, ол оны қаламай, одан бас тартты».
Хафыз Шәмсуддин әз-Зәһаби (хижра ж.с.б. 673-748 ж.) «Сиәр әъләм ан-Нубалә» еңбегінде ол жайында былай деп айтқан:
الشيخ ، الإمام ، القدوة ، المجتهد ، شيخ الإسلام أبو إسحاق ، إبراهيم بن علي بن يوسف الفيروزابادي ، الشيرازي . قال السمعاني : هو إمام الشافعية ، ومدرس النظامية ، وشيخ العصر . قال أبو بكر الشاشي : أبو إسحاق حجة الله على أئمة العصر . وقال الموفق الحنفي : أبو إسحاق أمير المؤمنين في الفقهاء
«Шейх, имам, үлгі тұтар адам, ыждахатты, Исламның шейхы... Ас-Самаъани былай деп айтқан: «Шафиғилықтардың имамы, «Низәмия» медресесінің оқытушысы және өз заманының шейхы». Әбу Бәкір әш-Шаши былай деген: «Әбу Ысхақ – өз заманының имамдары арасындағы дәйегі». Әл-Муафиқ әл-Ханафи былай деп айтқан: «Әбу Ысхақ –фақыхтардың арасындағы мүміндердің әміршісі (амир әл-мүминин)».
Имам Тәжуддин ас-Субки (хижра ж.с.б. 717-771 ж.) «Табақат Шәфииә әл-Кубра» еңбегінде ол жайында былай деп жазады:
هو الشيخ الإمام شيخ الإسلام صاحب التصانيف التي سارت كمسير الشمس ودارت الدنيا فما جحد فضلها إلا الذي يتخبطه الشيطان من المس بعذوبة لفظ أحلى من الشهد بلا نحله وحلاوة تصانيف
«Ол шейх, имам, шейху л-ислам, күн сияқты қозғалып, әлем сияқты айналған кітаптардың авторы. Олардың пайдасын шайтанға ергендерден басқа ешкім теріске шығармады...».
Автор: Имам Әбу Ысхақ аш-Ширәзи
____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Дарульфикр.ру