Кейбір елдерде 14 ақпанда тойлап өтетін «махаббат» күнінің Ислам дініндегі үкімі қандай? Мұсылман ғұламалары оған рұқсат береді ме, әлде рұқсат емес пе? Қай елдерде Әулие Валентин күнін тойлауға тыйым салынды? Бұл күндерді тойлауға Құран мен Сүннеттен негіз бар ма?
Бүгінгі таңда «сүйгенім», «сүйген жарым», «ғашығым» сөздері шариғатқа қайшы махаббат сезімін білдіреді. Бұған шариғатта қатаң тыйым салынған. Шариғатта тыйым салынған нәрсе тойланбау керек. Шариғат таразысына салынып, діни шектеулерден шықпаған дәстүрлі мейрамдарды тойлауға рұқсат бар. Алайда, діни шектеулерден тыс шығатын мейрамдардың барлығын атап өтуге қатаң тыйым салынған. Яғни, біздің дінімізде некесіз “ғашықтардың” болуына жол жоқ. Төменде айтылатын Христиандық оқиға бойынша «Әулие Валентин күні» жастардың дін қызметкерлері арқылы кездесу және дін қызметшінің өліміне (Әулие Валентин) қатысты аталып өтетін болды. Оған қоса бұл күн олардың, яғни Христиан дінінің мерекесі болып бекітілді .Ал олардың тойларын бізге тойлап өту одан да қауіптірек болады.Имаи Табарани Ибн Омардан (радиаллаһу әнһ) Аллаһ елшісінің ﷺайтқаның келтіреді:
”Адамдар хайуандар секілді жолдың бойында жыныстық қатынасқа түспейінше Қиямет күні басталмайды”.
Ақиқатында қазіргі уақытта ондай құбылыстарды байқаймыз: жастардың құшақтасып, сүйісіп, саябақтарда жатқандарын көремсіз. Уақыт өте бұндай істер көбейіп қалыпты жағдайға айналып бара жатқандарын байқаудамыз. Бір христиан дін қызметшісі бұл күнді «махаббат күні» деп бекіткен еді, енді бұл күнде мұсылмандарда бір-біріне сыйлықтар сыйлауда. Әке-ана күндерінде де соны көреміз. Бұдан шығытыны, біз бұл күндері ғана оларды құрметтеп, қуаныш сыйлап, басқа күндері оларды ұмытып қоямыз. Ал Исламның айтатыны: ”Оларды,яғни ата-анаы әр түн,әр сағат олардың алдындағы ақыларынды өтендер”.
«Әулие Валентин (махаббат күнінің)» тарихы
Римдік император Клавдий II үлкен әскер құрғысы келді. Ол ойын іске асыру үшін түрлі әрекеттерге барды. 200 жылы әскерге келген жігіттер отбасыларын, сүйіктілерін ойлап соғысқа бармайтына императордың көзі жетті. Сол үшін император жастарға некелесуге тыйым салды. Сол уақытта император Клавдийға қарсы шығып, жастардың қосылуларына көмектесіп, ғашық жандардың жақын досына айналған «Әулие Валентин» өмір сүрді. Бұл жағдайды естіген император Валентинді абақтыға тастайды. Кейін 14 ақпан күні Валентин өлім жазасына кесіледі. Сол уақыттан бастап ғашық жандар Валентиннің құрметіне осы күнді атап өте бастады.
Ислам дінін де «махаббат күнін» атап өту бар ма?
«Махаббат күні» деп аталатын, адамдардың бейқам жыныстық қатынасқа түсетін күн-христиандардың мерекесі болып есептеледі. Адамдар бұл “қасиетті күнді” тойлаймыз деп қауіпті капиталистік жүйесінің қақпасына түсуде. Ғалымдарымыз махаббат күнін тойлап- тарату — миссионерлік әрекетке және капиталистік жүйе әрекетінің отына «май құюмен» тең деп ескертуде. Сонымен қатар, ислам ғұламалары, бұл күннің зардабынан БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) арқылы сақтандыру шарасын қолдануды талап етуде.
Мұсылмандарда тек екі мейрам бар.
Ғылыми зерттеу және пәтуа беру комитеті 3.11.1420 жылы махаббат күніне қатысты баға берген. Әр жыл сайын 14 ақпан күні адамдар бір-біріне қызыл раушан сылайды, қызыл киімге киінеді, бір-бірін құттықтайды, кондитерлік дүкендер қызыл түсті тәтті тағамдар пісіреді, тауарларын сату үшін хабарландырулар береді. Комитет бұл күнге қатысты мынадай пәтуа берді:
«Исламда тек екі мейрам бар екеніне Құран мен хадисте ашық дәлелдер келген.Олар Рамазан айы аяқталғандағы және Құрбан айттағы мереке.Бұл екі мейрамнан басқа пайда болған мерекелер уақыт өте келе пайда болған мерекелер. Мұсылман адамға бұл мерекелерді тойлауға, оларды мойындауға, ол мерекелерге қатысты қуануға, бұл мерекелерді тойлап өтулеріне себепші болуға тыйым салынады».
Мұсылмандар үшін христиандардың және пұтқа табынушылардың мерекелерін тойлауға болмайды.
Пәтуада: «Алдыңғы заманда, кәпірлердің мерекесі болып есептелген мерекеге қатысу әрі тойлау үлкен күнә екені айтылған. Өйткені, бұл амалымен мұсылман адам оларға, яғни кәпірлерге махаббат және достық қойған болып есептеледі. Құранда Аллаһ Тағала оларға еліктеуге, махаббат және достық қоюға тыйым салған. «Махаббат күні» де осыған жатады, себебі ол мереке көпқұдайшылар мен христиандардың мерекесі болып табылады. Сол себептен, Аллаға және Қиямет күніне иман келтірген мұсылман адам бұл мерекені тойлауға ,мойындауға және адамдарды құттықтауына болмайды. Керісінше, Аллаға және Оның Елшісіне ﷺ бойұсынып, бұл күнді тойлаудан бас тартып, Алланың ашуын шақыратын және тозаққа түсуіне себеп болатын амалдардан аулақ болуы керек».
Махаббат күніне қатысты қызметтер де харам
Сондай-ақ, мұсылман адамға махаббат күнін тойлауға көмектесуге болмайды: тамақтарын пісіріп беру, саудалар жасау, бір нәрсе жасап беру, сыйлықтар сыйлауға, ашық хаттар жолдау (открытка), хабарландырулар жасау. Жоғарыдағы пәтуаның жалғасында айтылады:
«Әр уақытта, әсіресе осы күні Аллаһтың кітабы Құранды және Пайғамбарымыздың ﷺ Сүннетін бекем ұстануымыз қажет. Аллаһтың ашуына ұшыраған, бұзылған яһудийлердің және Аллаһтың Құдіретімен Ұлықтығынан қорықпайтын, Исламды мақтан тұтпайтын адасқан христиандардың айласына түсіп қалмау үшін мұсылмандарға өте ақылды және парасатты болулары қажет.»
Ислам дінінде «махаббат күні» деген күн жоқ
Мармара (Турция) университеті теологиялық факультетінің оқытушысы, доцент Недим Урхан махаббат күніне қатысты айтқан пікірі:
«Біз, әлбетте, христиан дәстүріне еліктеп, жақсы көрген адамдарымызға сезімімізді білдіруді бір күнге шектеп қоюға бір ауыздан қарсымыз. Ислам дінінде махаббат уақытша емес тұрақты болады. Мұсылманның махаббаты тек денелік, нәпсіні қандыру махаббаты емес. Махаббаттың мағынасы қазіргі уақытта өзгеріп кеткен. Дұрыс мағынасын ажырата білуіміз керек. «Махаббат күніндегі» махаббаттың мағынасына Ислам дінімізде орын жоқ. Адам некелескен уақытта уақытша некелеспеген секілді махаббат күніндегідей бір күндік “махаббат” болмайды. Адам қол орамалы емес қой, қолданып болғаннан кейін лақтырып тастайтын!.»
Эрзурумдегі Ататюрк университетінің,Теологиялық факультетінің оқытушысы профессор Мустафа Агырман махаббат күніне қатысты айтқан сөздері:
«Махаббат күні және сол секілді күндер бұл — тұзақтардың бірі. Капиталисттік жүйе барлық заттарды қолданғандай біздің сүйіктілеріміздіде қолдануда және біздің сүйіктілеріміз арқылы үлкен жетістікке жетуде. Бұның барлығы жақсы іске асқан маркетингтік тәсілдер. Ислам бұған қарсы тұрады. Христиан дінінің дәстүрі біздің ұлттық құндылықтарымызға, әсіресе, дінімізге зиян келтіретіндіктен, мұсылмандар бұл күнге бір ауыздан қарсы және бұл шындықты адамдарға түсіндіріп, жеткізуіміз керек”.
Ислам сенімі бұған жол бермейді
Хақ ислам сенімінде басқа дін өкілдерінің мерекелерін тойлауға тыйым салады. «Фатауа әл-Хиндияда» айтылады:
«Мұсылмандардың мұсылман емес қауымның мерекелерін тойлаулары, оған қатусулары, олардың мерекелерін қабылдаулары олардың күпірліктеріне қолдау көрсетуден басқа ештеңе емес».
Махаббат күнің тойлауға тыйым салынған елдер
Малазияның дін істер мемлекеттік ұйымы «махаббат күнін» тойлауға тыйым салды. «Махаббат күнін» тойлау Өзбекстанда да тыйым салынған. Өзбек елі 14 ақпанда концерттер мен ойын сауық ұйымдастыруға тыйым салынды. Өзбекстаннан кейін, Түркменстанда «Әулие Валентин күнін» тойлауға тыйым салды. Иранда 14 ақпан күні «махаббат күніне» қатысты жарнамалар, тауарлар сатуға тыйым салынды. Сондай-ақ, Сауд Арабияда да бұл күнді тойлауға тыйым салынған. Олар «махаббат күні» пұтқа табынушылардың мерекесі және ол мереке некесіз қатынасқа шақырады деп тыйым салған болатын. 2004 жылы ««Махаббат күні» пұтқа табынушылардың, христиандардың мерекесі, ал, Аллаға және Қиямет күніне иман келтірген адам Алланың азабына ұшырап қалмауы үшін бұл мерекені тойламау керек» деген пәтуа шыққан болатын. Ресейдің Белогордтық облысында «Бұл мереке жастардың рухтарына кері әсерін тигізеді және бұл дәстүрімізге жат мереке» - деп бұл мерекеге тыйым салған.
Ең жақсы көзқарас-ақиқат
Кейіп-келбет, сексуалдық шабыт арқылы сүйікті болғандар өмірді тек ішіп-жеу ,рахаттануда деп есептейді. Бұлар ақиқатты өмірлік күш-қуаттарын жоғалтқаннан кейін ғана түсінеді.
Құдіретті Алла айтады:
«Дүние тіршілігі еш нәрсе емес. Ойын-сауық ғана .Әрине ақырет жұрты тақуалар үшін жақсы. Сонда да түсінбейсіңдер ме?» (Әнғәм сүресі, 32 аят)
«Адам баласы үшін әйелдер, балалар,а лтын күмістен жиналған қазыналар, сәнделген аттар, малдар және егіндерді қызыға сүю әдемі көрсетілді. Бірақ олар дүние тіршілігінің сәні. Негізінде орынның жақсысы Алланың қасында» (әл-Имран сүресі, 14 аят)
Бұндай жолмен қосылған ғашық жандардың некелері тұрақты әрі баянды болмайды.Оған келесі өмірден алынған оқиғаны ұсынамыз (есімдерін жарияламауды жөн көрдік):
«Отбасы құрғанымызға екі жылдан асты. Мен оған соңғы уақытта Алла сені Өз азабына алсын деп айтатын болдым. Біз әр ұрысқан сайын ол мені өзінің бұрынғы жігіттерімен салыстыратын болды. Ұрыстан кейін олай неге айтқанын сұрағанымда ашу үстінде айтқан сөздер ақиқатқа сай келе бермейді деп жауап қайтаратын. Біздер сондай жалындаған махаббаттың ыстығымен қосылғанбыз. Менің оған жасамаған жақсылығым жоқ шығар, сірә? Бірақ, сонда да ол жақсылықты түсінбеді. Достар, үйленер алдында өте мұқият болыңыздар. Таңдап жатқан қызыныздың сізге дейінгі өмірін жақсы білетіңізге көзіңізде жеткізіп алыңыздар. Бұндай қатынастың 90 пайыздан жоғары тұрақты некемен аяқталмай жатады. Сондай бұзылған, қызу мінезді жігіттер отбасы құру үшін пәк қыздарды жолықтырғылары келеді. Некесіз жүріс себебінен мұндай жігіттердің тұзағына түскен қыздар бәрінен шоңқиып құр қалып жатады. Жігіттердің ішінде қыздармен саудаласатын адамдарға жүгінетіндері де болады.
Доктор Джемаль Зеки Онал қылымсыған қыздар жайында жақсы мысал келтіреді:
«Махаббатпен ойнайтын қыздар пышақпен ойнап, өздерін жарақаттап алған нәресте секілді. Бұл жара өте ауыр болып келеді. Қыздарда пәктігін,арын жоғалтып түрлі пәлеге жолығады. Ал жігіт болса кішкентай бала жаңа қуыршақ іздегендей, өзіне жаңа құрбан іздей бастайды».
Әрине, Алла ер мен әйелді бір-бірлері үшін жаратты.
Ұлы Алла айтады:
«Сендерге, оған тұрақтауларын үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осылар хақында ойланған елге белгілер бар» (Рум сүресі, 21 аят)
Аллаһ Елшісі ﷺ айтты:
«Ей, жастар! Кімде-кім үйленуге шамасы келсе үйленсін. Өйткені, бұл оның көзін күнәдан сақтауға және тақуа болуына ықпалын тигізеді. Ал, кім бұлай жасауға шамасы келмесе ораза ұстасын. Өйткені ораза оның нәпсісін басуға көмектеседі» (Бухари, Муслим)
Бірақ Пайғамбарымыздың ﷺ кезінде де ,одан кейінде, бірде-бір ғалым некеге дейін жыныстық қатынасты рұқсат деп айтпаған. Имам Раббани айтады:
«Егерде, үйленген жігіт немесе күйеуі бар әйел жыныстық қатынасқа түсетіндей уақыт бойы жабық бөлмеде қалатын болса олардың некелері бұзылады. Егер есігі ашық болса үкімі өзгереді»
Бір адам: «Мен жай ғана дос қыз емес, әйел іздеп жатырмын» деуі мүмкін. Оны әйелдікке алам дейсің, оны қашан алмақсың? Қалайша бұны ғашықтар күнімен байланыстыруға болады? Бұл — зинақорлардың күні, өйткені бұл — неке қимаған ғашықтардың күні. Олар махаббат некеден кейін жоғалады дейді. Өйткені, өздері үйленгенге дейін барлығын жасап, отбасылық өмірге түк те қалдырмайды. Сол үшін адамдар ажырасып жатыр. Ал, ата анасы себебімен құдаласу арқылы үйлегендерге қызықтың барлығы некеден кейін ашылады да, олар соның берекетін өмірлерінің соңына дейін көреді. Исламда тәртіп осындай.
Қорытынды
Түрік жазушысы Неджип Фазилдің бұл тақырыпқа қатысты айтқан сөзі:«Егер Ислам Еуропадан таралғанда барлық адамдар мұсылман болар еді». Бұл сөзде үлкен мағына жатқанын түсінген адам біледі. Біз батысқа еліктеп, шайтанның тұзағына түсудеміз. Батысқа еліктейміз деп олардың қуыршағына айналып болдық. Жан қалауларымызға ереміз деп, мәңгілік ақыретіміздін айырылып қалмайықшы.
Аллаһ Тағаладан шайтанның азғыруынан пана сұраймын!
Мақала islam-today.ru сайтынан аударылып, өңделді.