Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Ғибратнама

Мекке мен Мәдинані басқарып отырған саляфиттерді қателеседі деп қалай айта аласыз?

Сұрақ:

Әссәләму алейкум имамдар. Имам Муслимнің мына екі сахих хадисі жайлы сұрайын деп едім. Ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген: «Расында Ислам бөтен болып басталды және бөтен болып қайтады. Жылан өз ініне оралғандай дін де өзі бастауын алған екі мешітке жалғасады (яғни, Меккедегі әл- Харам мен Мәдинадағы Пайғамбар мешіті)» 147. Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Шын мәнінде, (қатер төнгенде) жылан ініне шоғырланатындай иман Мәдинаға шоғырланады». Егер Уахабилік ағымы (Сәләфилік) адасқан ағым болса, онда олар Мұхаммед Пайғамбардан (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) кейін Алла Тағала өз мейірімін төккен Мекке мен Мәдинада қалайша өмір сүріп жатыр? Мәдинадағылар теріс қылықты адамдарға қарсы деген көптеген хадистер келеді. Егер уахабилік ағымы адасқандар болса немесе имансыздар болса олар баяғыда- ақ Алланың қаһарына ұшырар еді ғой. Осыны түсінідіріп беріңіздерші, Алла разы болсын. Темірлан

Жауап:

Уа ғалейкум әссәләм, Темірлан.

Ислам дініндегі ағымдардың қателесуі мен дұрыстығы олардың ғалымдарының қай жерде өмір сүріп жатқандығымен емес, олардың сенімдерімен анықталады. Және де егер сенімдері я болмаса дәлелдерінде қателік болса, онда қате пікірдің қайдан тарағаны беймәлім халде ол қате сол қалпында қалады.

Ең бірінші сізге Мекке мен Мәдина қаласын сәләфилік ағым өкілдері бейбіт жолмен я болмаса діни пікірталас нәтижесінде алған жоқтығын білгеніңіз жөн. Ибн Абдул Уахабтың Хижаз аймағында өз идеологиясын небір дәлелдермен таратқысы келген әрекеттері сәтсіздікке ұшырап және дінбұзушылық әрекет деп табылды. Осыдан соң «сәләфилік»  ағымы (ол заманда олар уахабилік ағымы деген атпен танымал болатын) ол аймақта яғни Хижаз аймағында билікті қарумен қолға алды.

Бұл қасиетті екі жерді басып алу мақсатымен бірнеше жыл шайқасты. Ақыр аяғында олар Хижаз аймағында өз биліктерін орнатпас бұрын екі қалаға орнығуына жәрдем берген Британдық империямен одақтас болып, билікті қолдарына алды. Екі қасиетті мекен мен «сәләфилік» ағымының қысқаша тарихы осындай әрі төменде жалғасын табады.

Жоғарыдағы келтірілген хадистерге келер болсақ, бұл хадистерді осы мәселеде келген барлық мәліметтер мен ғалымдардың түсіндірмесімен бірге қабылдау және түсіну керек.

«Дін Мәдинаға жылан өз ініне қайтып келгендей, қайтып оралады» деген хадисті имам хафиз Ибн Хажар Әсқалани өзінің «Сахих» Бұхаридың «Фәтхул Бәриіне» жазған тәпсір кітабында былайша түсіндіріп береді:

«Жылан өз інінен тамақ іздеп шығып, егер оған бір жағдай бола қалса, қайта ініне кіретініндей, жолбасшысы мұсылман болған халде, дін де Мәдинаға оралады. Себебі ол қала Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын ) қаласы. Ол (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) тірі кезде Оған еру үшін және де дінді үйрену үшін айналасына сахабалар (оларға Алла разы болсын) жиналатын. Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын)  өмірден озған соң, бұл қалада сахабалар мен табиғиндер және таба- ут- табиғиндер қалды.  Оларға әр аймақтан адамдар білім алу үшін және де Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жолымен жүруді жалғастыру үшін келетін. Олардың дәуірі аяқталған соң,  адамдар Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) қабірін, мешітін зиярат ету мақсатында  және де Аллаға құлшылық ету мен Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мен сахабалардан қалған жәдігерлерді көру мақсатында Меккеге келді. «Фатхул Бәри» , «Мәдинаға оралатын дін туралы» 6- бөлімі». 1876 хадис.

Одан ары қарай Ибн Хажар Асқалани имам Қуртубидің имам Мәліктің Мәдинадағы Әһли Сүннет жолы, яғни мәзһабы дінге енген жаңалықтардан қорғалған және де сенімді деген сөзіне сүйене отырып айтқан пікірін келтіреді: «Егер бұл пікір дұрыс болса да, ол тек қана Пайғамбар(оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) заманына және әділетті төрт  халифаның дәуіріне ғана қатысты. Шииттердің, муғтазилилердің, хауариждердің басқа да ағымдардың бүлігінен соң, сахабалар басқа қалалар мен аймақтарға  қоныс аударып кетеді. Осылайша аталмыш қорғалу мен сенімділік өз күшін жояды ».

Сондықтан да сіз келтірген хадис Хижаз аймағының билеушілері дұрсы бағытта дегенге дәлел бола алмайды. Егер біреулерді меңзеп айтылған хадис болса, онда Мекке мен Мәдинада өз үстемдігін жүргізгісі келіп, қасиетті мекеннің басшыларына соғыс ашқан Ибн Абдул Уаххаб пен оның ізбасарларына қарсы айтылған болар.

Сіздің түсіндіруіңіздегі Мәдина теріс пиғылды адамдарға қарсы деген хадис те қасиетті қалаларға соғыс ашып, билікті қолдарын алған уахабилердің тыйым салынған әрекеттерін меңзеп тұр.

Сонымен қатар, тіпті Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) заманында да Мәдинада екіжүзділер тұрған. Осыған қарап- ақ, біздің аласапыран заманымызды ол заманмен салыстыра отырып, сенімді әрі дінге енген жаңалықтардан жақсы қорғалған деп айту қателік.

Имам Бұхаридің жинағында имам Мәлік (оларға Алла разы болсын) Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген: «Мекке мен Мәдинадан басқа Дәжжал аяқ баспаған бірде бір қала қалмайды, (ал Мекке мен Мәдинаның) әрбір кіре беріс қапталында періштелер сап түзеп қорғап тұрады. Сосын Мәдина тұрғындарымен бірге үш рет сілкінеді де, Аллаһ (одан) әрбір кәпір мен мұнафиқты шығарып жібереді». Хадисті Бұхари келтіреді.

Дәжжал келгеннен кейінгі Мәдинадағы екіжүзділер мен кәпірлердің шығарып тасталуы, олардың Дәжжал келгенге дейін сол жерде болатынын көрсетеді. Осылайша, Мәдинаның жаман пиғылды адамдарды қабылдамайды дегені, ол жерде ол адамдар мүлде жоқ дегенді және де ол жердегі  ағымның дұрыс екендігін білдірмейді.

Назар аудара кететін жайт, біз жоғарыдағы хадистерді келтіре отырып, «сәләфилік» ағымын ешқашан күпірлік пен екіжүзділікте айыптамаймыз, тек қана сіздің пікіріңіздің қате екендігін көрсетіп береміз.

Әһли сүннет уәл Жамаға ғалымдары мен «сәләфилік» ағымының ғалымдары арасындағы келіспеушілік діннің өзекті сұрақтарына қатысты. Және де бұл мәселе олардың тақуалықтары мен өзге де имани қасиеттеріне еш қатысы жоқ.

___________________________

Орыс тілінен аударған Azan.kz

алдыңғы мақала
Әулиелерге (Алланың сүйіктілеріне) зиян тигізгендерді не күтіп тұр
кейінгі мақала
Дарын Мубаровтың ақидасы Әһли Сүнна уәл Жамағат ақидасына сәйкес келе ме?

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником