Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри

Ғибратнама

Кеңес заманында АХАЖ-да неке қидырған кісілер не істеуі керек?

Ассаламу алейкум уа рахматтолахи уа баракатух!

Әке-шешем шаңырақ көтергендеріне 20 жылдай уақыт болып калды. Олар Кеңес Одағы кезінде АХАЖ-ға тіркелген. Мұсылманша неке қидырмаған. Ата-анам мешітке барып неке қидыруы керек пе? Рүстем.

Уа алейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ!

Рүстем! Кеңес заманында үйленгендер кейбіреулері тек АХАЖ-ға тіркелумен шектелгені мәлім. Бірақ, сол замандарда үлкендердің айтуымен неке қидырған жастар да болған.

Сіздің сауалыңызға келер болсақ, егер АХАЖ-да немесе құдалықта неке шарттары орындалса некелерін қидырудың қажеті жоқ.

Неке шарттары:

1.Қыз бен жігіттің сөз байласуы. Қыздың тұрмысқа шыққанда: «разымын»,-деп ал, жігіттің некеге алғанда: «қабыл алдым»,-деп өткен шақ формасында берген жауаптары;

2.Уәлидің, яғни қамқордың келісімі. Уәли – қыздың әкесі мен бауырлары. Айша (р.а.) анамыздан жеткен хадисте: «Қайсы бір әйел уәлісіз (яғни қамқоршысыз) тұрмысқа шықса, оның некесі заңсыз... [1]»,-деп айтылғандай уәли некенің бір шарты;

3.Куәлардың қатысуы. Құран Кәрімде: «...Куәлікті Алла үшін толық орындаңдар. [2]»,-деген. Ал, хадисте: «Уәлисіз және екі куәсіз неке жүрмейді [3]»,-деген.

Әдетте, осы шарттар құдалықта толығымен орындалады. Айтпағымыз, қазақ дәстүріндегі құда түсуде неке қиюдың барлық шарттары көрініс тапқан. Ал, егер бұл шарттар орындалмаған болса, мешітке келіп қидыруға болады. Бірақ, неке жайлы білмегендіктен және сол заманның заңы бойынша некеге қидырғандықтан мұндай кісілердің некесі дұрыс емес деуге болмайды.

[1] Әл-Ихтияр литаълил әл-Мухтар 2-том, Абдулла бин Махмуд бин Маудуд әл-Маусили әл-Ханафи, Бейрут, «Дарул Арқам бин Әбу Арқам», Неке бөлімі, уәли және өкілдік тақырыбы, 112-бет
[2]Талақ сүресі, 2-аят
[3] Фиқһул Ханафи уә әдиллатуһу, шайх Асъад Мухаммад Саъид Сағиржи, 2-том, Дамаск, «Дарул Калим Таиб» 2008-жыл, неке бөлімі, неке қию шарттары, 153-бет

Руслан Камбаров

алдыңғы мақала
Жесір әйел өз қайнысына тұрмысқа шықса бола ма?
кейінгі мақала
Әйел мен еркек тең бе?

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником