Мешіт тек ғибадат үйі ғана емес. Ол жерден жақсылықты үміт еткен әрбір жанға жақсылық нәсіп болатыны шүбәсіз.
Осы орайда өткен күндері Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде «Қайырымды жұма» шарасы өткізілді. Онда әлеуметтік жағынан аз қамтылған 12 отбасыға азық-түлік берілді.
Осы мақсатқа 144 000 теңге жұмсалды. Қуанышқа бөленген жанұялар өздеріне жасалған қамқорлық үшін жүрегі жомарт жандарға шынайы алғыстарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі