Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы қайырымдылық мақсатында қыруар жұмыстар атқарып, қолдауға мұқтаж жандардың шынайы алғысына бөленіп келеді.
Жуырда Шоқан қажы Әмірханов бастаған имандылық ордасының қызметкерлері І топтағы мүмкіндігі шектеулі үш адамға қол ұшын созды.
Мәселен, екі кісіге 230 мың теңге тұратын қос мүгедектер арбасын сыйға тартты. Сондай-ақ, бір азаматқа Құрбан айтқа шалынған мал еті берілді.
«Кең болсаң, кем болмайсың!» демекші, жомарттық танытушы азаматтардың қатары көп болғай!
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі