Қостанай облыстық мешітінің жанындағы «Зекет және қайырымдылық қоры» қызметкерлері өткен шілде айында да тыңғылықты жұмыс істеп, көмекке мұқтаж жанұялардың ризашылығына бөленді.
Нақты деректер мен дәйектерге сүйенетін болсақ, аталған кезеңде 60 іс-шара ұйымдастырылды. Онда 2 636 отбасы қамтылып, бұл мақсатқа 29 млн 562 мың 900 теңге жұмсалды.
Өңірдегі жомарт жандардың демеушілігінің арқасында әлеуметтік жағынан аз қамтылған шаңырақтар қамқорлыққа бөленіп, өздерінің ыстық ықыластарын білдірді. Мұндай сауабы мол, игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі