Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
05 08.22

Торғайдағы тағылымы мол кездесулер

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет өңіріміздегі тарихы тереңде жатқан әрі ұлттық қазынасы мен құндылығы берік сақталған Жангелдин ауданының орталығы киелі Торғайға арнайы іссапармен келді.

Белгілі дін қайраткері осы аудандық Ішкі саясат, Мәдениет, тілдерді дамыту және спорт, Әлеуметтік бағдарламалары бөлімдерінің қызметкерлерімен кездесті. Онда бүгінгі таңдағы өзекті мәселелер мен маңызды тақырыптар арқау болған тағылымды әңгімелер өрбітті. 

Жүздесу барысында кезінде туған жерінің тағдыры мен болашағы үшін бастарын бәйгеге тіккен қайсар да батыр бабаларымыз, халықтың есінде мәңгілік қалған қайталанбас дана да ғұлама ғалымдар, аузы дуалы, сөзі уәлі көрнекті би-шешендердің өнегелі ғұмырлары жөнінде жан-жақты айтылды.

Жаңа Қазақстанның келешегі қазіргі жастардың қолында. Сондықтан өскелең ұрпақ ата-бабаларының салып кеткен өшпес сара жолдарымен жүріп, уақыт талабына сай білімді де білікті, иманды, отансүйгіш әрі елжанды азаматтар болып қалыптасса екен деген Бас имамның ұлағатты сөздері жиналғандардың жадында ұзақ сақталары хақ.

Торғайлық үлкенді-кішілі қауыммен өткен басқосулар өте әсерлі өтті. Бахытбек қажы Нұрғабылұлының сапары одан әрі Арқалық шаһарында жалғасады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Арқалық жұртшылығымен кездесті
келесі жаңалық
Бас имамның Сарыкөлге сапары

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником