Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің асханасы өткен Рамазан айындағы Оразадан бері халыққа игі қызмет көрсетіп келеді. Әрине, жүрегі жомарт жандардың қолдауы арқасында көптеген жарқын істер атқарылуда.
Қазір аталған асханада діни рәсімдерге арналған астар, еске алу және басқа да мәнді де мағыналы рухани кештер өткізілуде.
Мәселен, жақында имандылық ордасына «Haier» тоңазытқышы тарту етілді. Оған «Кең болсаң, кем болмайсың» демекші, дін жанашыры, «Казнефть» компаниясының басшысы Данияр Оразбекұлы Нұғманов демеушілік етті.
Мешіт қызметкерлері іскер азаматтың жүргізіп жатқан кәсібіне береке, деніне саулық тілейді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі