Жақында Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешіті ұжымының ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесі өткізілді. Оған облыстың Бас имамы Бектұрсын Уәлиев, қалалық «Жайлаубай ата» және «Марал ишан» мешіттерінің имамдары Шоқан Әмірханов, Сабыржан Есмурзин, дін қызметкерлері мен жергілікті жамағаттар қатысты.
Осынау рухани кеште облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Әлішер Балахмет, белгілі журналист Заңғар Санай, «Маңдай батыр» мешітінің Бас имамы Дархан Сыздық және болашағынан мол үміт күттіретін жас қари Әлібек Қылышбекұлы Мәуліт хасидасын оқыды.
Жұртшылыққа үлкен әсер қалдырған жиында Бектұрсын қажы Торғайбайұлы уағыз-насихат айтты. Содан кейін Дархан Манарбекұлы қарттар күніне орай ақсақалдарды құттықтап, сый-сияпат жасады. Барлық қатысушыларға алғысын білдірді.
Басқосу соңында абыз ақсақал ақ батасын берді. Мұсылман бауырларымыз құптан намазы оқып, жоғары көңіл-күймен тарқасты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі