Жуырда Әулиекөл ауданының Құсмұрын елді-мекенінде Мәуліт мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Онда ауданның Бас имамы Нұрбол қажы Балахмет және Аманқарағай ауылының молдасы Серікбай Испулов жиналған жамағатқа Мәуліт қасидаларын оқып берді.
Басқосуда мұсылман бауырларымыз салауаттар айтты. Көзге түскен жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Мерекенің құрметіне дастархан жайылып, аруақтарға бағышталып құран оқылды.Ақсақалдар бата берді.
Жиын соңында 10 мұқтаж отбасыларына азық-түліктей көмек көрсетілді. Рухани кешті жергілікті «Хақ «мешітінің молдасы Омар Закарин ұйымдастырды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі