Қостанай аудандық кітапханасының оқу залында «Шынайы иман – рухани келісімде» тақырыбында Рухани келісім күніне арналған іс-шара болып өтті.
Кездесуге студенттер мен түрлі салаларда қызмет атқаратын қонақтар қатысты. Басқосу өзара ашық пікірлесу форматында ұйымдастырылды.
Бұл іс-шарада «Маңдай батыр» мешітінің найб имамы Ерлан Өмірбекұлы және Тобыл қаласындағы жергілікті шіркеудің настоятелі Андрей Крутин жастарға рухани құндылықтардың, өзара түсіністік пен дін өкілдері арасындағы толеранттылықтың маңызы туралы айтып берді.
Әңгіме барысында сенім, руханият, діннің қазіргі қоғамдағы рөлі және жас ұрпақты құрмет пен бейбітшілікті нығайту рухында тәрбиелеу мәселелері бойынша қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі