Санаулы күндерден кейін күллі мұсылманның ұлық мейрамы – Құрбан айт басталады. Биылғы Құрбан айт мейрамының бірінші күні шілде айының 31-не тұспа-тұс келіп тұр.
Аймағымыздың бас имамы Бахытбек Тәжімбет алдағы мереке қарсаңында Қостанайдағы «Амиго» серіктестігіне қарасты қасапханада болып, құрбанға шалынатын малдардың бағасын, жай-күйін, сойылатын орындардың санитарлық тазалығын тексеріп келді.
Облыстық мешіттің найб-имамы Әлішер Балахмет қасапшыларға семинар өткізіп, құрбан шалудың тәртібі мен талаптарын түсіндірді. Жалпы, өңіріміздің дін қызметкерлері онлайн құрбан шалуға әзір екендерін әрі түсіндіру жұмыстарының да қарқынды жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Биылғы жылы еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Құрбан айт күні құрбан шалу рәсімінде біраз өзгерістер болады.
Атап айтсақ:
- Карантинге байланысты құрбан айт намазы биыл оқылмайды.
- Құрбан шалу рәсімі Qurban2020.kz сайтында онлайн (қашықтықтан) орындалады.
- Онлайн Құрбан шалу тек 31 шілде күні жүзеге асады, ал 1-2 тамыз күндері төтенше жағдайға (локдаун) байланысты құрбан малын онлайн шалу рұқсат етілмейді.
- Құрбандықта сатылатын малдар: 1) Ешкі, қой -1 жас, 2) сиыр (ірі қара) – 2 жас, 3) алты айға толған семіз қозы болса құрбандыққа шалуға рұқсат етіледі.
- Биыл қойдың бағасы — 50 000 теңге, тоқты – 40 000 теңге, ешкі — 35 000 теңге, ірі қара (сиыр) малы – 350 000 теңге. Ірі қара малын бір адам 50 000 тенгеден қосылып, 7 адам бірігіп шалуға болады
- Онлайн құрбандық шалғанда, малдың еті толықтай мұқтаждарға қалдырылады.
- Құрбан шалу уақыты күн шыққаннан бір сағаттан кейін шалынып, күн батқанша жалғасады.
- Онлайн құрбан шалу Қостанай қаласындағы «Амиго» қасапханасында орындалады. Ол жерде тек қана қасапшы, имам және онлайн видеоға түсірушы оператордан басқа ешкімге кіруге рұқсат етілмейді, — деді Бахытбек Нұрғабылұлы.
Ақпарат http://www.kostanaytany.kz сайтынан алынды
МАҚАЛА АВТОРЫ QYDYRBEK QIYSHAN