Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінде дәріс беретін Әлібек қаридың шәкірттерінің арасында мәнерлеп оқудан жарыс өтті.
Оған қатысушылар тиянақты дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Салтанат намазхан, екінші орынды Марат есімді бауырымыз, үшінші орынды ізденімпаз ақсақал Мұстафа қажы иеленді.
Бұл жарысты ұйымдастырудағы негізгі мақсат – шәкірттердің білімдерін шыңдау. Олар «Талапты жетер мұратқа» демекші, алдағы уақытта өздерін жан-жақты танытып, биік белестерді бағындыра береді деген үміттеміз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі