Қостанай қалалық “Жайлаубай ата”мешітінің ұйытқы болуымен жамағатқа “Исра және Миғраж түні” мерекесіне орай ауыз ашар дастарқаны жайылды.
Жиын барысында ұстаз Нұрислам Сәтсапарұлы намазхандарға миғражға байланысты оқиғаны кеңінен баяндады. Оның ұлағатты сөздерін қатысушылар ұйып тыңдады.
Басқосу соңында жамағатпен Құптан намазы оқылып, еліміздің тұғыры берік және тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін дұға жасалынды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі