Оқырмандардың есінде болар, осыдан бірнеше ай бұрын дүниеден өткен бүлдіршін Мәдина Ерланқызының артында қалған анасы мен бауырларына баспана алып беру жөнінде мешіт ұжымы бастама көтерген болатын. Халықтың және Олжа АГРО қолдауымен тиісті қаражат жиналған болатын.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» атты жобасының аясында сол қолға алынған игі мақсаттың жүзеге асуына қаламызда қызметін бастаған «КБС» құрылыс компаниясы атсалысып, үйге мұқтаж отбасы үлкен қуанышқа кенелді.
Жуырда пәтердің кілтін тапсыру рәсіміне облыстық мешіттің Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы, ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі өкілі Бақытжан қажы Икрам, Мәдинаның туған-туысқандары қатысты.
Тұрмысқа қолайлы үш бөлмелі пәтер Қостанай қаласындағы Әуежай шағын ауданында салынған көп қабатты үйден берілді. Баспана кілтін алған отбасы мешіт қызметкерлері мен демеушілерге дән ризашылығын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі