Рамазан айы басталғалы бері тек Қостанай өңірі ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығы оны жоғары деңгейде өткізуге талпыныс жасауда. Өйткені, айлардың сұлтаны болып саналатын осы қасиетті айда жасалған әр бір істің сауабын Алла Тағала ғана береді.
Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің ерлер мен әйелдер жамағаты қасиетті Құран кәрімді толықтай оқып, хатым етуде. Үлкенді -кішілі қауым қолы бос кездерінің бәрінде оны жан-жақты меңгеруге арнап жатқандықтары да баршаны қуантады.
Қашанда ізгі істің бастаушысы мен жанашыры болып жүрген өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлының бұл орайда алатын орны ерекше. Себебі оның тікелей қолдауымен ұстаздар Әлішер Ертайұлы және Рысгүл Қылышбайқызының ұйымдастырумен жоғарыда аталған тағылымды шара жүзеге асуда .
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі