Жықында облыстық Марал ишан мешітінің азаншысы Ғұмар Жұмағұлов, Алтынсарин ауданы «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің бас имамы Азамат Мурзаканов және облыстық Дін істері жөніндегі басқарманың бөлім меңгерушісі Сапарғали Абдиев Қостанай экономикалық инженерлік университетінде болды.
Онда олар студенттермен теріс діни ағымдардан өздерін аулақ ұстау жөнінде әңгіме өткізді. Кездесу студенттерге үлкен әсер қалдырды
Сондай-ақ сол күні Алтынсарин ауданы «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің бас имамы Азамат Мурзаканов Қостанай экономикалық колледжінің оқушыларымен болған басқосуда ұлы Мұхаммед пайғамбарымыздың мағыналы өмірбаяны жайлы мағлұмат берді. «Ислам діні- ынтымақ діні» тақырыбында уағыз айтып, олардың дүниетанымдарын кеңейтуге ықпал етті.
Мұндай жылы жүзді жүздесулер алдағы кездері де жалғасын таппақ.
О. Жабайтегі