«Марал ишан» мешітінде, үстіміздегі жылдың 11-ші қыркүйегінде облысқа қарасты барлық мешіт имамдарымен жиналыс өткізілді. Бұл жиналыста қаралған мәселелер - «Дін мен дәстүр» аясында жұмыстарды жалғастыру және Құрбан айтына кеңінен дайындықтар жүргізу. Айта кетер болсақ: Ұлттық салт-дәстүрмен ойын-сауықтар, ұлттық құндылықтардың жәрмеңкесін, айт күндері ғибратты кештер, аз қамтылған отбасылар мен жетім-жесірлерге қайырымдылық іс-шаралар, «Құрбан айт құтты болсын!» атты мерекелік акциялар, БАҚ арқылы Құрбан айт жайында мақала мен хабарлар өткізу, сонымен қатар, ағымдағы жұмыстар жайлы да кеңінен тоқталып өтті.
Имам-молдалар барлық айтылған ескертулер мен ұсынылған іс-шараларды құптап, орындауға келісімдерін берді. Игі қадамдарына нұр жаусын!
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі