Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
12 06.14

Өкіл имамның Рамазан алдына дайындығы

Жуырда ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қала және аудан имамдарының дәстүрлі жиналыс жүйелі түрде өткізілді. Міне бүгінде бұл жиын өз жалғасын тауып, имамдар облыстық орталық «Марал ишан» мешітінде бас қосты.

Бұл кездесу айлардың сұлтаны Рамазан айына дайындықтар жүргізу үшін өз уақытынан бұрын өткізілді. Осыдан бірнеше күн бұрын өкіл имам кіші төралқа жиналысына қатысып орындалуы тиіс болған бірнеше тапсырмалар жүктелген ді. Осы орайда мүфти хазреттің бұйрығы тыңдалып, дінбасы Ержан қажы Малғажыұлының Рамазан айына орай 2014 жылғы үндеуі айрықша маңызға ие екенін атап өтіп, жан-жақты талқыланып, өкіл имам төмендегі мәселелерге ерекше тоқталып өтті.

  • Рамазан айында халықпен кездесіп уағыз-насихат жасау;
  • Зиялы қауым мен кәсіпкерлердің басын қосу;
  • Рамазан айында аудан және қала мешіттерінде 30 күн бойы ауызашарлар ұйымдастырылу;
  • БАҚ құралдарымен етене байланыста болу;
  • Барлық қала және аудан газеттерге Мүфти хазреттің үндеуін шығару, үндеу жазылған баннерлерді мешіттерге, орталық алаңның көрнекі жерлерге іліну, ірі кәсіпорындарға, көлік қызметіне, азық-түлік корпорацияларына және де тағы басқа сауда үйлеріне барып, Хазреттің үндеуін жеткізу;
  • Бұл айда қайырымдылық көмектерін көп жасау;
  • Мүбарак айға мешіттерді жарықтандыру;
  • Дүкендерде, тойларда арақ-шараптың болмауына, сатылмауына өз тарапымыздан ықпал ету.
  • Жазғы діни сауат ашу курсының жоспарын дайындау.

Сонымен қатар жиналыс барысында Рамазан айына орай апта сайын жарыққа шығатын діни үн парақтыңда үлгісі имамдарға таныстырылды.

Сонымен қатар, қасиетті Қадір түні кешінде арнайы ғибратты шаралар ұйымдастыру жоспарланды. Өкіл имам Асылхан қажы Мұханбетжанұлы барша имамдарды Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмаларын бұлжытпай орындау арқылы осы жылғы қасиетті Рамазан айы – мұсылмандардың ауызбіршілігін арттыратын, өзара бауырмашылдығын нығайтатын қасиетті айды жоғары деңгейде өткізуге бәріміз бір кісідей атсалысуымыз қажет екендігін баса айтты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Шынайы алғысын жаудырды
келесі жаңалық
Наиб имам колледжде болды

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником