Баршаға мәлім, ислам дінінің бір рәсімі бойынша әрбір мұсылман баласы сүндетке отырғызылғаны абзал. Мұны кез-келген парасатты ата-ана түсінетіндігі даусыз.
Ал, ешқандай жазығы жоқ, жарық дүниеге келмей жатып, әке-шеше мейірімінсіз қалған жаутаңкөз балалардың жағдайын кім ойлайды? Міне, осы мәселе өздерін біраздан бері толғандырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет пен еліміздегі қажылар қауымдастығының өңірдегі филиалының төрағасы Жақсылық Ғайсин де көпке өнеге боларлық сауапты да игі шараны жүзеге асырып, азаматтық танытты.
Жуырда олардың ұйғарымымен Қостанай облыстық балалар ауруханасында облыстық балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бір топ мұсылман балалары сүндетке отығызылды.
Осындай тағылымды шараға мұрындық болған дін қызметкерлері мен ақ халатты абзал жандарға шын мәніндегі ризашылығымызды білдіреміз. Оларға Алланың нұры жауып, қасиетті Рамазан айында ойға алған арман-ниеттеріңіз қабыл болсын дейміз.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі