Жыл басынан ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен интернет арқылы діни онлайн дәрістер жүргізіле бастады.
Таяуда Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Сейіт қажы Нұрқанов жұма намазда барша жамағатты онлайн дәрісінің өтетінің хабарлады. Осынау дәрістерге мешіт жамағаты қол жеткізіп отырғаны бәрімізге де қуанышты.
Бұл дәрістерді көңілге тоқып, есте сақтауға көмегін тигізетін заманауи үлгідегі арнайы жабдықтарды мешітке тарту етіп отырған қала әкімі Бақытжан Темірұлы Ғаязов мырза.
Сондықтан мешіт жамағатының қала әкіміне алғысы шексіз. Аптасына үш рет өтетін онлайн сабағына жиылған қауым ерекше әсерге бөленіп, айтылған уағыз тақырыбына байланысты өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жолдайтын болады.
О.Жабайтегі