Марқұм Мәлік Шаяхметов облыстық Марал ишан мешітінің нағыз жанашыры болатын.
Осы бауырымыздың қайырымдылық мақсатындағы өзгелерге өнеге боларлық ісін оның інісі «Қостанай автотранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Алик Шаяхметов жалғастыруда.
Өзінің салт-дәстүрлеріне аса құрметпен қарайтын азамат ораза кезінде мешіттен шағын аудандарда тұратын кісілерді тасу үшін арнайы автобус бөлді.
Алик Шаяхметовке халық дән риза. Қазір күнделікті мешіт жанындағы арнайы орында ауызашарға қатысып, тарауихта болған қарттарды түнде үйлеріне жеткізуде, - дейді облыстың бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек.
О. Жабайтегі