Жуырда Қостанай ауданы «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Асылхан Түсіпбек және аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жанар Есментаеваның ұйымдастыруымен, Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының ақпарат-насихат тобының мүшелері Данияр Әбенов пен Нұрсұлтан Әбішевтің қатысуымен Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің студенттер және мұғалімдерімен «Ислам және зайырлы қоғам» тақырыбында «Дөңгелек үстел» болып өтті.
Дөңгелек үстел басындағы әңгіме студент жастарға әсерлігімен есте қалды. Дін істері басқармасының маманы Нұрсұлтан Әбішев қазіргі таңда елімізде ауызбірлік пен ынтымақты арттыра түсіп, экстремизм мен терроризмге жол бермеу қажеттігіне ерекше тоқталды. Теріс ағымдардың кері ықпалдары жөнінде айтты.
Ал, Данияр Әбеновтың тағылымды сөздері де жастарды терең ойға қалдырды. Ол өзекті мәселеге айналып отырған теріс ағымдардан өскелең жастардың аса сақ болуы қажеттігін еске салды.
Аудандық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Асылхан Түсіпбек Ислам діні ешкімді ұлтқа бөлмейтінін, жалпы өзі басқарып отырған имандылық ордасының жастарды адамгершілікке, ізгілікке баулудағы тындырып жатқан жұмыстарын тілге тиек етті.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі