Жақында кеңшілер қаласы Рудныйдағы «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Темірбекұлы осы шаһардағы Индустриялық институтының жатақанасында тұратын студенттермен кездесті.
Бұл басқосуда дін қайраткері жоғары оқу орынында білім алып жатқан жастарға кәзіргі таңдағы діни ахуал жайында кеңнен түсінік берді. Сонымен қатар олардың дәстүрлі дініміз Исламға аса құрметпен қарап, адам баласын жақсылыққа жетелемейтін теріс ағымдардан аулақ жүруге шақырды.
Осы жүздесуде студенттердің мешіт жанындағы сауат ашу курстарына қатысып, өздерінің дін мен дәстүріміз жайлы мол мағлұмат алуға болатындығы жайында жан-жақты баяндады.
Осы жиынға Рудный қалалық ішкі саясатының бөлімінің бас маманы Әнуар Қыстаубаев қатысып сөз сөйледі.
Бұл қызықты кездесуде бас имамға жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі