Науырзым ауданы «Түркебай» мешітінің бас имамы Есет Сейтқалиұлы Шилі ауылында мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жастардың пайдалы білім алуы, жастық шақтың қадірі мен елге, жерге деген сүйіспеншілік жайында әңгіме қозғалды. Сонымен қатар 2020 жылдың «Еріктілер жылы» болып бекітілуіне орай жастардың қоғамдық жұмыстарға атсалысып, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосуға шақырды.
Сонымен қатар шараға қатысқан ел ақсақалдары мен жастардың белсенді мүшелері оқушыларға ақыл-кеңестерін айтты.
Кездесу соңында Бас имам жастардың қойған сұрақтарына жауап беріп, ақсақалдар оқушылардың білім жолында табысты болуларына тілектерін білдірді.