Меңдіқара аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің ұйытқы болуымен «Дархан дала» жобасы аясында бір топ жергілікті мәдениет қызметкерлері және өңірімізге танымал Серік қажы Омаров Қасқат ауылы Екпінді елді-мекеніндегі зиратта жерленген ұлтымыздың мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлының жары Бадрисафа апамыздың басына барып, оның рухына Құран бағыштады.
Серік қажы Бадрисафа апа жөнінде жиналғандарға тағылымды әңгіме өрбітті. Осы арада биыл 150 жылдық мерейтойы республикамызда кеңінен аталып өтілген Ахмет Байтұрсынұлының кезінде Меңдіқара ауданына қарасты Байқожа ауылындағы мектепте ұстаздық еткендігі жайлы да сөз болды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі