Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
17 09.25

ҚМДБ МЕН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИСЛАМ ЛИГАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бүгін Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Дүниежүзілік Ислам лигасының Бас хатшысы Мұхаммед ибн Абдулкарим әл-Исамен кездесті.

Мәртебелі мейман алдымен Республикалық Бас мешітті аралап, оның сәулеттік ерекшеліктерімен және діни-ағарту бағытындағы қызметімен танысты.

Кездесу барысында тараптар ислам құндылықтарын насихаттау, бейбітшілік пен келісім мәдениетін ілгерілету, өркениеттер арасындағы өзара түсіністік пен диалогты дамыту мәселелерін талқылады. Осы мақсатта ҚМДБ мен Дүниежүзілік Ислам лигасы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат өзара теңдік, құрмет, ашықтық және ортақ мақсаттарға адалдық қағидаттарына негізделген.

Кездесу соңында тараптар игі бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға уағдаласты.

Источник: ҚМДБ МЕН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ИСЛАМ ЛИГАСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ , Muftyat.kz

алдыңғы жаңалық
Аудандағы Мәуліт мерекесі
келесі жаңалық
VIII СЪЕЗ АЯСЫНДА ҚМДБ МЕН БАӘ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА РЕСМИ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником