Қазіргі таңда елімізде белең алған құмарлық ойынынан жастарды сақтандыру және оның алдын алу мақсатында түрлі деңгейдегі басқосулар өткізіліп жатқаны белгілі.
Бұл орайда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай өңіріндегі өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет те облыстық мешітте өскелең ұрпаққа тағылым боларлық жиынның ұйымдастырылуына ұйытқы болды. Дін қайраткері кездесуде жастардың құмарлық ойындар мен букмекерлік кеңселерден аулақ жүру керектігі, оның тигізер зияны мен зардабы жөнінде насихат айтты.
Сондай-ақ осы жүздесуде тренер – оқытушы Залим Кувамбаев қозғалып отырған мәселеге байланысты өмірден нақты мысалдар келтірді. Ел болашағы жеткіншектерді ондай пайдасы жоқ әдеттерден бойларын аулақ ұстап, денсаулық кепілі спортқа ден қоюға шақырды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі