Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітіне қыста жағатын көмір және ағаш түсірілді. Оған имандылық ордасының жанашыры Аққозы қажының ұрпағы Шойынтай Өтемісов демеушілік етті.
Ол «Қолы ашықтың – жолы ашық» деген қағиданы берік ұстанады. Әрдайым мешіттің мұқтажына қолдау көрсетіп отырады. Оның ісіне береке беріп, табысы еселей түссін.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі