Баршаға мәлім, өнірімізде үстіміздегі жылғы егін орағы басталып та кетті. Бір қуаныштысы, биыл астық бітік шықты. Алайда ауа-райының жауынды-шашынды болып тұруы оның қарқын алуына және астықтың толық пісуіне әлі де болса мүмкіндік бермей отыр.
Міне, осы жайларды ескере келіп, Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы аудандар мен қалалардағы мешіттердегі әріптестеріне өткен жұмада арнайы жамағатпен кездесіп, дұға бағыштауды тапсырған болатын. Олар осы аманатты мүлтіксіз жүзеге асырды.
Әркім өзінің еңбегінің жемісін көргені абзал. Диқандар қауымы ерте көктемнен бастап тұқым сеуіп, енді соның жемісін көретін кез туды. Сондықтан Алла тағала олардың бейнетінің зейнетін көруге нәсіп етсе дейміз!
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі