Үстіміздегі жылы күзде Алаш ардақтысы, даңқты жерлесіміз Міржақып Дулатовтың 140 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтілмекші. Қазіргі таңда оның туған жері Жангелдин ауданында айтулы шараларға жан-жақты дайындықтар жасалуда.
Жуырда Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев ұлы тұлғаның туған жері Бидайық ауылында арнайы іс-сапарда болды. Осынау елді-мекенде мұражай үйі ағымдағы жөндеуден өтіп, ұрпақтары кесенесін қайта жаңғыртты.
Көрнекті қаламгер, қоғам қайраткерінің ұрпақтары бабаларына арнап жиналған екі ауыл тұрғындарына ас берді. Осы басқосуға Бектұрсын Торғайбайұлы қатысып, уағыз-насихат айтты. Онда өз ойын ортаға сала келіп, Міржақып Дулатовтың халқы мен елі үшін жасаған зор еңбегі, ағартушылығы, діндарлығы жайлы айтылды. Алдағы үлкен тойға тыңғылықты дайындық пен еліміздің бірлігі, ауылдың ішіндегі берекелі тірлігі арта берсін деген игі тілегін білдірді.
Бас имам ауыл жамағатына «Құрметтің шыңы ата-анаға құрмет» тақырыбында жұма уағызын айтты. Жиналған қауым алдында ол ата-ананы ардақтау, үлкенге құрмет көрсету – халқымыздың жүрегіне ұялаған имани тәрбие екендігіне тоқталды.
Сондай-ақ елдің ынтымағы бірлігі аса маңызды екендігін тілге тиек етті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына сапары барысында облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде жұртшылықпен кездесіп, тағылымды уағыз айтты.
Жүздесу соңында мүмкіндігі шектеулі азамат Мейрам Қошқарбайұлы Бас мүфтиге уағыз үшін алғысын білдіріп, сәлемдесті. Наурызбай қажы Тағанұлы Мейрам Қошқарбайұлына және оның сапарлас серігі Виталий Тупикинге Ұмра қажылығына жолдама сыйлады. Виталий — ислам дінін қабылдаған азамат және сапар барысында Мейрамға қолғабыс көрсететін сенімді серігі.
Ұмра сапарына дайындық ретінде Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Уәлиев екі азаматқа мешітте арнайы сабақ өткізіп, Ұмраның шарттары мен рәсімдерін түсіндірді. Сондай-ақ оларға ҚМДБ шығарған «Ұмра қажылығы» атты әдістемелік құрал табыс етілді.
Жұма намазында Бас имам Бектұрсын қажы Торғайбайұлы Бас мүфтидің аманатын орындап, жамағат алдында жолдамаларды салтанатты түрде табыстады. Өз кезегінде Мейрам Қошқарбайұлы қасиетті мекенге сапар шегуге мүмкіндік сыйлаған Бас мүфтиге алғысын жеткізді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай өңіріне сапары кезінде облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде уағыз айтып, жамағатпен кездескен болатын.
Жүздесу соңында мүмкіндігі шектеулі азамат Мейрам Қошқарбайұлы мүфти- хазіретпен амандасып, тағылымды уағызы үшін алғысын білдірді. Наурызбай қажы Тағанұлы оған және тағы бір кісіге Умра қажылыққа екі жолдама сыйлады. Бір айта кетер жай, Мейрам өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүмкіндігі шектеулі жан болғандықтан, оны алыс сапарда алып жүру және құлшылығын тиісті деңгейде өтеуге көмектесу үшін серіктесі Виталийге де жолдама қоса берілді.
Облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиевтің бастамасымен қажылыққа баратын Мейрам Қошқарбайұлы мен Виталий Тупикин мешітке шақырылды. Оларға Бектұрсын Торғайбайұлы мен ұстаз, қажылық бөліміне жауапты Саидаббас Мейраманов Умра қажылығының тәртібі мен ережесі, онда атқарылатын шаралар, ихрамды дұрыс кию әдебі жөнінде толық сабақ өткізді.
Дәрістен кейін болашақ қос қажыға муфтият баспасы тарапынан жарық көрген Умра қажылығының әдістемелік кітабы табыс етілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша Бас имамы Бектұрсын Уәлиевтің арнайы бастамасымен, Қостанай-Әулиекөл тас жолының бойында орналасқан Новонежин ауылында өзгелерге өнеге боларлық жиын болып өтті. Өйткені, соңғы кездері бұл тас жолда көлік апаттары көбейді. Сол апаттың кесірінен қаншама адамдар мерт болды.
Осы жайлар дін қайраткерлерін де терең ойда қалдырды. Сондықтан мұндай өкінішпен аяқталатын жайлардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған құрбандық шалу рәсімінде үлкенді-кішілі қауым басқосты.
Бұл жиынға облыстың Бас имамымен бірге найб имам Әлішер Ертайұлы да қатысты. Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің имамы Нұрбол қажы Исламұлының ұйымдастыруымен сойылған ірі қараның еті жергілікті көмекке мұқтаж жандарға таратылып берілді.
Осы басқосуда ақсақалдар бата берді. Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы сөз сөйлеп, шариғатта да жол ережелерін бұзуға болмайтындығы жайлы уағыз айтты. Сондай-ақ облыстық полиция департаментінің өкілі жол-көлік апаттары жөніндегі мәліметтерден хабардар етті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Лисаков қалалық “Әбдіхаим Саламатұлы” мешітінің ұжымы биылғы “Имани жаз” діни сауат ашу курсын аяқтады.
Аталған курста балалардың уақытын тиімді өткізуге, дін негіздерін үйреніп, имандылыққа баулуға айрықша назар аударылды.
Курс соңында шәкірттерге арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Осынау мерекелік шара барысында ата-аналар тарапынан алғыс айтылды.
Балаларға Алматыдағы "Нұр-Мүбәрәк" университетінің студенттері Ақкүміс Асан, Мұхаммедуәли Нұрхан және мешіт қызметкері Мәдениет Нарбаев дәріс берді.
Имандылық ордасының ұжымы “Имани жаз”жобасына қолдау көрсеткен барша жандарға шынайы ризашылығын жеткізді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда үстіміздегі жылы Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешіті ұйымдастырған "Имани жаз 2025" діни сауат ашу курсын тәмамдаған шәкірттерге сертификат және демеушілер тарапынан естелік сыйлықтар табыс етілді.
Бұл іс-шараға облыстық "Аймағамбет қажы Спанұлы" мешітінің найб имамы Сайдаббас Сайдаламұлы арнайы қатысып, түлектерге "Білім алудың артықшылығы" жөнінде насихат айтып, сәттілік тіледі.
Сондай-ақ аудандық мешіттің найб имамы Ерлан Өмірбекұлы балалардың тиянақты білім алуына қолдау көрсеткен жанашыр ата-аналарға және бір ай бойы тың ізденіспен дәріс берген Уайс Нұрлыбекұлына шынайы алғысын жеткізді.
Жиынның соңында ата-аналар атынан Дархан Қонысбекұлы сөз алып, мешіт ұжымына және ұстаздарға жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, имандылық ордасының алқа мүшесі Сайым ақсақал курсты бітірушілерге ақ батасын берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Намазхандарға ауызашар берілді
Облыс орталығындағы «Жайлаубай ата» мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен бейсенбінің кешінде 80 намазханға ауызашар берілді.
Оған жүрегі жомарт азамат Есбол демеушілік етті. Жиналғандар ризашылығын білдіріп, алғыстарын жаудырды.
Наиб имам жұртшылықты баурап алды
Жоғарыда аталған «Жайлаубай ата» мешіті ұжымының мұрындық болуымен жамағаттың басын қосып, «Роль мечети в жизни мусульманской уммы» тақырыбында мазмұнды жиын өткізілді.
Онда наиб имам Қазбек Көшеровтің жүргізген тағылымды уағыз-насихатын намазхандар ұйып тыңдады. Олар көп жайға қанығып, жоғары көңіл-күймен тарқасты.
Ұлттық тағамнан дәм татты
Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің бастамасымен қасиетті жұма күнгі намаздан соң жамағатқа арнайы дайындалған ұлттық тағам, шипалы сусын қымыз бен дәмі тіл үйірген ыстық палау таратылды.
Жайылған ақ дастарқан басында көптен кездеспеген намазхандар қуана қауышып, бір жасап қалды. Демеуші бауырларымызға Алланың нұры жауа берсін!
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Құрметті жамағат!
Бүгінде елімізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында бірқатар заңнамалық өзгерістер енгізілуде. Соның бірі – бет-әлпетін толық жабатын киімге (оның бірі ниқаб) қоғамдық орындарда тыйым салу туралы жаңа шектеулер.
Бұл шешім қандай да бір діни сенімді немесе жеке таңдауды шектеу үшін емес, ең алдымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігінен туындап отыр. Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдері, оның ішінде мұсылман елдері де қауіпсіздік мақсатында осындай ұстанымды қабылдауда.
Алла Тағала қасиетті Құранда әйел кісілердің әурет жеріне қатысты аятта:
وَقُلْ لِلْمُؤْمِنَاتِ يَغْضُضْنَ مِنْ أَبْصَارِهِنَّ وَيَحْفَظْنَ فُرُوجَهُنَّ وَلَا يُبْدِينَ زِينَتَهُنَّ إِلَّا مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَلْيَضْرِبْنَ بِخُمُرِهِنَّ عَلَى جُيُوبِهِنَّ وَلَا يُبْدِينَ زِينَتَهُنَّ
«Мүмин әйелдерге айт: «(бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендері (беті, қол-аяқтары) бұдан тыс және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін», – деген («Нұр» сүресі, 31-аят).
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Уа, Әсма! Балиғат жасына жеткен қыздың (сырт көзге) мына екеуінен басқа жерінің көрінгені дұрыс емес деп, беті мен екі қолын көрсеткен» (имам Әбу Дәуід).
Жоғарыда Құран аяттары мен хадисте баяндалғандай әйел кісілер бет-жүзін жабуға немесе бүркемелеуге міндеттелмеген. Бұл халқымыздың дәстүрінде де көрініс таппаған.
Біз еліміздегі мұсылмандардың біртұтас діни бірлестігі ретінде, қоғамдағы тұрақтылық, ынтымақ пен бірлікті басты құндылықтарымыздың бірі деп бағалаймыз. Ислам діні де қоғаммен жарасымды өмір сүруді, тәртіпке бағынып, мемлекеттің тыныштығына үлес қосуды насихаттайды.
Сондықтан да заңға түсіністікпен қарап, ортақ игілік жолында бірлігімізді бекемдейік.
Алла Тағала елімізге тыныштық, жүрегімізге иман байлығын нәсіп етсін!
Дереккөз: Бетті толық жабуға қатысты ҚМДБ мәлімдемесі , Muftyat.kz
Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы “Имани жаз - 2025' сауат ашу курсын ойдағыдай аяқтады.
Онда бір ай бойы білім алған шәкірттерге сертификаттар табыс етілді. Соңғы күні "Құран мен бала" тақырыбында жиналған ата-аналар мен талабаларға тағылымды дәріс өткізілді. Ақсақалдар ақ батасын берді. Содан кейін түлектерге ыстық тағам мен тәттілер ұсынылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда Тобыл қаласындағы "Маңдай батыр" мешітінің ұжымы "Қайырымды жұма" шарас аясында шара өткізді.
Онда "Мейірімді жандар" тобындағы жамағаттың қолдауымен ауданда әлеуметтік жағынан аз қамылған көп балалы бес отбасына 110 915 теңгені құрайтын азық-түлік табыс етілді.
Осынау сауапты іске үлес қосқан барша азаматтарға Алланың нұры жаусын!
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі