Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев арнайы іс сапармен өңіріміздегі Сарыкөл ауданында болып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді.
Ол аталған аудан әкімінің орынбасары Әлия Бекмағанбетовамен жүздесу барысында қалыптасқан діни ахуал және алдағы кездері атқарылатын жұмыстар жайлы әңгіме өрбітті. Оған «Ұлы дала төсіндегі Ислам» кітабын сыйға тартты.
Ол жергілікті «Аққозы қажы» мешітіндегі жамағатпен өткен жиында «Ислам және дәстүр құндылығы» тақырыбында насихат айтты. Жұртшылық оның уағызын ұйып тыңдады.
Бас имам аудандық кітапханада мәдениет үйінің қызметкерлерімен ұйымдастырылған кездесуде «Дін мен дәстүр» хақында тағылымды сөз қозғалып, қатысушылардың сауалдарына нақты жауап берілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі